Осы редакция 2018 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы қаласы әкімдігінің 2016.03.08. № 3/356 Қаулысымен мемлекеттік қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 4/646 қаулысымен
бекітілді
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
(2017.06.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Алматы қаласы әкімдігінің аудандар әкімдері аппараттарының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну баламалы түрде:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Шетелден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар талап етілгенде көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасау қажет.
2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес беріледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Алматы қаласы әкімдігінің 2017.06.02. № 1/35 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда - жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап беру;
2) порталда: