Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 107-120 Қаулысы
Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2023 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 107-884 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1232 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы деп өзгерту туралы» 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулының 1-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «3) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) - «360 024 000 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау» және «360 038 000 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру, кадрларды даярлау және қайта даярлау»; «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі - «353 043 000 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде мамандар даярлау» және «353 044 000 «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету» деген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып бекітілсін.; көрсетілген қаулының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «3. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|