|
|
|
«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» 2022 жылғы 10 ақпандағы № 8 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. 4-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 23) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін. 2. Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін. 3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын Ақмола облысы тиісті аумақтың, қалалары мен аудандардағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы. 4. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті. 5. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |