ҚР Энергетика министрінің 2018.27.12. № 537 бұйрығымен 8-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 8-қосымша
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығымен күші жойылды
«Кешенді экологиялық рұқсатты беру» (2018.27.12. берілген толықтырулармен)
1. «Кешенді экологиялық рұқсатты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.egov.kz, www.elicense.kz«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) мемлекеттік қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: кешенді экологиялық рұқсат беру - оны тіркеген күннен бастап 2 айдан аспау керек; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап 2 (екі) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде бас тарту себептерін негіздей отырып, өтінішті қараудан бас тарту туралы жазбаша уәжді жауап береді. 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыру үшін жол берілетін ең көп күту уақыты - 15-минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге жол берілетін ең көп уақыт - 20 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз және (немесе) электрондық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|