«Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «Прокуратура органдарының заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу, сондай-ақ Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың заңды күшіне енген актілері мен шешімдерін бағалау қағидалары»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдары, меншік нысанына қарамастан, өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің, заңды күшіне енген сот актілерінің, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық, әкімшілік істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында прокурор: 1) заңдылықтың жай-күйін талдайды; 2) Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан, өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін бағалайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|