«Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 102 Қаулысы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 234 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 16149 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Банктер мен банк холдингтері меншігіне сатып алатын облигацияларға мынадай талаптар белгіленсін: 1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған немесе оларға қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiгi бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары мәртебесі бар (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған) облигациялар; 2) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар; 3) шетел эмитенттерінің рейтингі «В» төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «В2» төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша) облигациялары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|