Осы редакция 2023 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 2-қосымша
Еттілі бағыттағы ірі қара малдарының асыл тұқымдық құндылығын (2017.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Еттілі бағыттағы ірі қара малдарының асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, еттілі ірі қара малды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі. 2. Еттілі бағыттағы ірі қара малды бонитирлеу (бағалау) бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.
1. Еттілі бағыттағы ірі қара малды бонитирлеу (бағалауды) ұйымдастыру
3. Еттілі бағыттағы ірі қара малды (бұдан әрі - ІҚМ) бонитирлеу (бағалау) жыл сайын меншік нысанына қарамастан асыл тұқымды малдары бар шаруашылықтарда тамыздан қазан айына дейін (аймақтармен малдың күйіне байланысты) жүргізіледі. 4. Бонитирлеудің (бағалаудың) алдында: бұқашықтарды өз өнімділігімен және бұқаларды ұрпағының сапасымен бағалаудың қорытындысын шығару; малдардың жеке нөмірлерін тексеру, анықтау және орнына келтіру; бірінші және үшінші тума сиырлардың және ағымдағы жылы үш және бес жасқа толған бұқалардың сызықтық өлшемдерін анықтау (асыл тұқымдық кітапқа енгізілетін малдарға); малдарды өлшеу (ертеңгісін, азықтанар алдында) және қоңдылығын анықтау (жоғарғы, орта, ортадан төмен); малдардың буаздылығын және жыныс органдарының паталогиялық өзгерітерін анықтау, бұқалардың ұрығынының сапасын тексеру; асылдандыру есебінің жазбаларын анықтау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|