| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы (2022.25.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 638 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2022.25.03. № 161 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2022.25.03. № 161 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Ең төмен бөлшек сауда бағалары: 1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бір литрі үшін 1 980 теңге; 2) коньяк пен брендиге бір литрі үшін 2 930 теңге мөлшерінде белгіленсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |