Осы редакция 2018 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына 2-қосымша
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Денсаулық туралы кодекс) 25-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы субъектілерге (бұдан әрі - субъектілер) фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу тәртібін айқындайды. 2. Субъектілерге фармацевтикалық қызметтер құнын төлеуді Денсаулық туралы кодекстің 25-бабының 4-тармағына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады. 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу шарты (бұдан әрі - фармацевтикалық қызметтерге ақы төлеу шарты) - бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық қызметтер құнын төлеуге қор мен бірыңғай дистрибьютор арасында жазбаша түрде жасалған шарт, онда тараптардың құқықтары, міндеттері және фармацевтикалық қызметтерді төлеуге байланысты өзге де талаптар айқындалады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|