|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 71-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасы «тұрғын емес үй-жайларды» деген сөздерден кейін «, орынтұрақ орындарын, қоймаларды» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Осы Заңда реттелген құқықтық қатынастарға, егер пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі мемлекет қатысатын ұйым болған жағдайда, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші мынадай бөліктерде: жылдық сметада көзделген кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар бойынша жарналар бөлігінде; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтау жарналары бөлігінде; кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасында көзделмеген іс-шараларға ақы төлеу үшін нысаналы жарналар бөлігінде қолданылмайды.»; 2) 2-бапта: 2) тармақша «тұрғын емес үй-жайға» деген сөздерден кейін «, орынтұрақ орнына, қоймаға» деген сөздермен толықтырылсын; 3) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3) дауыс беру - келу тәртібімен өткізілетін жиналыста ерік-қалауын ашық білдіру арқылы немесе жазбаша сұрау жүргізу арқылы жүзеге асырылатын, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді, сондай-ақ орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің орынтұрақ орындарын және қоймаларды күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді қабылдау процесі. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері келу тәртібімен немесе жазбаша сұрау жүргізу арқылы өткізілетін жиналыста тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы дауыс бере алады;»; «11) кондоминиум объектісі - дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;»; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жиналыс шешімімен белгіленген, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндетті жарналары;»; 14) тармақша «тұрғын емес үй-жайлардан» деген сөздерден кейін «, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан» деген сөздермен толықтырылсын; 15-4) тармақша «үй-жай» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орны, қойма» деген сөздермен және 16-2) тармақша «үй-жайдың» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орнының, қойманың» деген сөздермен толықтырылсын; 16-4) тармақшадағы «басқару органы» деген сөздер «алқалы басқару органы» деген сөздермен ауыстырылсын; 16-5) тармақша: «тұрғын емес үй-жайлар» деген сөздерден кейін «, орынтұрақ орындары, қоймалар» деген сөздермен толықтырылсын; «тұрғын емес үй-жайлардың» деген сөздерден кейін «, орын тұрақ орындарының, қоймалардың» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын: «18-1) қойма - көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген, тұрғын емес үй-жай болып табылмайтын, өрт қауіпсіздігінің нормалары мен өзге де талаптарды сақтай отырып мүлікті сақтауға арналған, пәтерден тыс орналасқан, жиынтығында үйге ортақ инженерлік жүйелер, сондай-ақ жеке кіретін жері жоқ және дара (бөлек) меншіктегі орын;»; 22-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «22-1) нысаналы жарналар - жылдық шығыстар сметасында көзделмеген қосымша іс-шараларға ақы төлеу үшін жиналыстың шешімі бойынша пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері енгізетін ақша;»; 23-1) тармақша «паркингте» деген сөзден кейін «(болған кезде гаражда)» деген сөздермен толықтырылсын; 44) тармақша «тұрғын емес үй-жайларды» деген сөздерден кейін «, орынтұрақ орындарын, қоймаларды» деген сөздермен толықтырылсын; 47) тармақша: «үй-жайдың» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орнының, қойманың» деген сөздермен толықтырылсын; «үй-жайға» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орнына, қоймаға» деген сөздермен толықтырылсын; «вакуумдау жүйелері» деген сөздерден кейін «, тогы әлсіз инженерлік жүйелер» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 3-баптың 2-тармағы «үй-жайлар» деген сөзден кейін «, орын-тұрақ орындары, қоймалар» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды пайдалану олардың қирауына немесе бүлінуіне алып келмеуге, басқа пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар) меншік иелерінің тұру (болу) жағдайларын бұз бауға және құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес келуге тиіс.»; 5) 6-бапта: мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсетуді сервистік қызмет субъектісі мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасымен немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамымен не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушымен немесе басқарушы компаниямен не уақытша басқарушы компаниямен жасалатын шарт негізінде жүзеге асырады.»; екінші бөліктегі «жүзеге асыру жөніндегі жеке, заңды тұлғалардың пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың» деген сөздер «жүзеге асыратын жеке, заңды тұлғалардың пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері мен сервистік қызмет субъектісі арасында жеке-дара шарт жасасу арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтер көрсетуге жол берілмейді.»; 6) 10-2-бапта: 10-6) тармақша алып тасталсын; 10-10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10-10) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қағидаларды бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 10-28), 10-29) және 10-30) тармақшалармен толықтырылсын: «10-28) тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 10-29) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғын жай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 10-30) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;»; 7) 10-3-баптың 2-тармағында: 11) тармақшадағы «көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу» деген сөздер «пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: «16-1) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес қорытынды мәліметтерді толтыра отырып, тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді қамтамасыз етеді және пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алуды жүзеге асырады;»; 8) 31-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасында кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына берілетін тұрғын емес үй-жайлардың алаңы көрсетіледі. Көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісі (құрылыс салушысы) пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды дара (бөлек) меншікке сатуды бастағанға дейін «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті. Тіркелмеген пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды дара (бөлек) меншікке сатуға жол берілмейді. Көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісі (құрылыс салушысы) көппәтерлі тұрғын үйді тіркеген кезден бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері мен құрылысжайларын жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес коммуналдық меншікке өтеусіз беруді қамтамасыз етуге міндетті. Жер учаскесін кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына енгізу Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісінің (құрылыс салушысының) қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) осы көппәтерлі тұрғын үйді салу үшін берілген немесе тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) жеке меншігінде болған жер учаскесін пайдалану құқығы жер учаскесінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына енгізілуіне байланысты тоқтатылуға жатады. Көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асыратын тапсырыс беруші (құрылыс салушы) мүліктің меншік иелері бірлестігі тіркелгеннен кейін немесе жай серіктестік құрылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде: кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасының жобалау ұйымы куәландырған көшірмелерін; жобалау-сметалық құжаттамаға және оның барлық түзетулеріне кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының көшірмелерін; атқарушылық техникалық құжаттаманың көшірмелерін; міндетті қосымшаларымен бірге объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін; жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін; көппәтерлі тұрғын үйдің технологиялық жабдығының паспорттарын (пайдалану жөніндегі нұсқаулықты) беруге міндетті. Көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісінен (құрылыс салушысынан) мүліктің меншік иелері бірлестігіне немесе жай серіктестікке қабылдау-тапсыру актісіне қосымшада кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің тізбесі оның егжей-тегжейлі сипаттамасымен бірге айқындалуға тиіс.»; 5-тармақ «өтініші бойынша» деген сөздерден кейін «немесе жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары «үй-жай», «үй-жайлардың» деген сөздерден кейін тиісінше «, орынтұрақ орны, қойма», «, орынтұрақ орындарының, қоймалардың» деген сөздермен және 7-тармақтың бірінші бөлігі «үй-жайлар» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орындары, қоймалар» деген сөздермен толықтырылсын; 8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасында көзделгенге сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін дара (бөлек) меншікке иеліктен шығаруға жол берілмейді. Көрсетілген талап сақталмаған кезде жасалған мәміле маңызсыз деп есептеледі.»; 9-тармақтың екінші абзацы «үй-жайға меншік құқықтары» деген сөздер «үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға меншік құқықтары жиынтығында» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 32-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына кірмейтін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иесі болып табылатын көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісі (құрылыс салушысы) объектіні пайдалануға қабылдау актісі тіркелгеннен кейін осы Заңда айқындалған тәртіппен пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар үшін кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды, сондай-ақ орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған шығыстарды төлеуге міндетті.»; 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы мүліктің меншік иелері бірлестігі мемлекеттік тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банкте:»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Егер кондоминиум объектісін басқаруды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жай серіктестік нысанындағы заңды тұлғаны құрмай, өздері дербес жүзеге асырған жағдайда, екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашуды жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы жай жазбаша сенімхат негізінде жүзеге асырады, ол бойынша жай серіктестіктің сенім білдірілген адамына пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашуға уәкілеттік береді. Жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы ағымдағы шот пен жинақ шотын осы Заңда айқындалған мақсаттарда ғана, жай серіктестік шартына қол қойылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ашады.»; 7-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ақша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу мақсаттарына ғана талап етілуі мүмкін және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндеттемелері бойынша кепіл нысанасы бола алмайды.»; мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын: «9. Осы Заңның 42-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған кондоминиум объектісін басқару нысаны ауыстырылған кезде мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы бұрын жинақталған ақшаны екінші деңгейдегі банктегі жинақ шотынан жаңадан құрылған мүліктің меншік иелері бірлестігінің немесе жай серіктестіктің төрағасы не сенім білдірілген адамы ашқан екінші деңгейдегі банктегі жинақ шотына ол ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде аударуды жүзеге асырады. 10. Сервистік қызмет субъектісінің кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсетуіне тыйым салынады.»; 10) 33-бапта: 1-тармақта: бірінші бөлік «үй-жайға» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орнына, қоймаға» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөлік «үй-жай» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орны, қойма» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ «үй-жайға» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орнына, қоймаға» деген сөздермен толықтырылсын;». 11) 34-бапта: тақырып «үй-жайлар» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орындары, қоймалар» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың барлық меншік иелері кондоминиумға қатысушылар болып табылады.»; екінші бөлік «үй-жайдың» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орнының, қойманың» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөлік «үй-жайлардың», «үй-жайға» деген сөздерден кейін тиісінше «, орынтұрақ орындарының, қоймалардың», «, орынтұрақ орнына, қоймаға» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтың екінші бөлігі және үшінші бөлігінің бірінші абзацы «үй-жайдың», «үй-жайды», «үй-жай» деген сөздерден кейін тиісінше «, орынтұрақ орнының, қойманың», «, орынтұрақ орнын, қойманы», «, орынтұрақ орны, қойма» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ «үй-жайлардың» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орындарының, қоймалардың» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері осы Заңның 42-1-бабы 2-тармағының 10) және 12-1) тармақшаларына сәйкес шығыстарды төлеуге міндетті.»; 5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдармен пәтерлерде, тұрғын емес үй-жайларда коммуналдық қызметтер көрсету туралы шарттарды өздері дербес жасасуға міндетті.»; 7-тармақ алып тасталсын; 12) 38-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «38-бап. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қол жеткізу»; бірінші бөліктегі «Пәтерге, тұрғын емес үй-жайға кіру» деген сөздер «Пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада орналасқан кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қол жеткізу» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Егер пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада орналасқан кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің жай-күйін тексеру, оны жөндеу немесе алмастыру қажет болса, пәтердің меншік иесі, жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) не онда тұратын өзге де адам, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі (жалға алушысы) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерін, үй кеңесінің мүшелерін немесе кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін кіргізуге міндетті.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Бұл ретте пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада орналасқан кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қол жеткізуді шектейтін конструкцияларды бөлшектеуді пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі өзі дербес жүргізеді.»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Адамның денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін авариялық жағдайларда немесе өзге де төтенше ахуалдар кезінде пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада орналасқан кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қол жеткізуге пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесін күні бұрын хабардар етпей де рұқсат етілуге тиіс.»; 13) 39-бапта: тақырып «үй-жайға,» деген сөзден кейін «орынтұрақ орнына, қоймаға,» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақ: «үй-жайдың» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орнының, қойманың» деген сөздермен толықтырылсын; «үй-жайға,» деген сөзден кейін «орынтұрақ орнына, қоймаға,» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақ «үй-жайды» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орнын, қойманы» деген сөздермен толықтырылсын; 14) 40-бапта: тақырып «үй-жайдың» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орнының, қойманың» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына кіретін паркингтің немесе орынтұрақ орнының не қойманың конструкциялық бөлігін және функционалдық мақсатын өзгертуге тыйым салынады.»; 4-тармақта: бірінші абзац: «үй-жайдан» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орнынан, қоймадан» деген сөздермен толықтырылсын; «үй-жайға» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орнына, қоймаға» деген сөздермен толықтырылсын; бесінші абзацтағы «автоматты өртке қарсы дабыл беру жүйелерінен,» деген сөздер алып тасталсын; жетінші абзацтағы «жабдықтар жүйелері жатады.» деген сөздер «жабдықтар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: «пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, қоймада орналасқан жабдықты қоспағанда, газ тарау, түтінге орану және су басу дабылы құрылғыларынан, автоматты өртке қарсы дабыл беру жүйелерінен, көппәтерлі тұрғын үйдің инженерлік жабдығын автоматтандыру және диспетчерлеу жүйелерінен (домофондық жүйелер мен жабдық, бейнебайқау), телефон байланысы, телевизия және интернет қызметтерін көрсету жүйелерінен тұратын тогы әлсіз инженерлік жүйелер жатады.»; 15) 41-2-баптың 1-тармағында: 5) тармақшадағы «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын» деген сөздер «кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қағидаларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы «жүргізу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 16) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын: «42-бап. Кондоминиум объектісін басқару нысандары 1. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін мына кондоминиум объектісін басқару нысандарының біреуін таңдауға міндетті: 1) мүліктің меншік иелері бірлестігі; 2) егер пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің саны отыздан аспаса, көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі (жай серіктестік); 3) егер пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің саны он алтыдан аспаса, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерінің тікелей бірлесіп басқаруы. 2. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері осы баптың 1-тармағында айқындалған кондоминиум объектісін басқару нысандарын таңдауда және ауыстыруда ерікті болады. 3. Көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісі (құрылыс салушысы) көппәтерлі тұрғын үйді тіркегеннен кейін осы көппәтерлі тұрғын үйде осы баптың 1-тармағында айқындалған кондоминиум объектісін басқару нысандарының бірі құрылған кезге дейінгі кезеңге көппәтерлі тұрғын үйді басқару үшін алты айға дейінгі мерзімге басқарушы компанияны тартуға құқылы. 4. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасында осы баптың 1-тармағында айқындалған кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген кезде, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында айқындалған мүмкіндік пайдаланылған болса, тұрғын үй инспекциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару жөніндегі уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес уақытша басқарушы компанияны айқындайды және бір жылға дейінгі мерзімге тағайындайды. Уақытша басқарушы компания осы көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар бойынша ақшаны есепке жатқызу үшін екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашуға міндетті. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері уақытша басқарушы компания кондоминиум объектісін басқарған кезеңде осы баптың 1-тармағына сәйкес басқару нысандарының бірін таңдауға міндетті.»; 17) 42-1-бапта: 1-тармақта: мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері жиналыста орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды.»; екінші бөлік «үй-жайлардың» деген сөзден кейін «, орынтұрақ орындарының, қоймалардың» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта: 1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасын, жай серіктестіктің сенім білдірілген адамын, үй кеңесінің мүшелерін сай лау, қайта сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |