|
«Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 523-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасыларға беруге, өздеріне қорғаншылықты немесе қамқоршылықты, патронатты белгілеуге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.»; 7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|