|
|
|
Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына 3-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелді) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің - www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық түрінде. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» (бұдан әрі - ХҚТ ТП) ақпараттық жүйесіне тұрғылықты тұратын жерiнің мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде - уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді енгізу, электронды жеткізгіші бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу болып табылады. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды жеткізгіші бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу үшін Орталыққа келу қажеттілігін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұратын жері бойынша тіркелгені туралы хабарлама түрінде «жеке кабинетке» жіберіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |