ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына 7-қосымша
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жіберу көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 15 (он бес күн) ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлері лауазымына үміткерлерді келісу нәтижелері туралы мәліметтер бар хат жіберу. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|