«Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15481 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қарыз алушылардың және жұмыс істеуге қабылданған шарттардың саны туралы есептің нысаны; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс істеуге қабылданған берешектің көлемі туралы есептің нысаны; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес есепті кезеңнің соңына мерзімі өткен берешегі бар қабылданған қарыздар (микрокредиттер) туралы есептің нысаны; 5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кредиторлар бөлігінде есепті кезеңнің соңына қабылданған қарыздар (микрокредиттер) туралы есептің нысаны; 6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес шарттар және иеленген берешек бойынша қарыз алушылардың саны туралы есептің нысаны; 7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес иеленген берешектің көлемі туралы есептің нысаны; 8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес есепті кезеңнің соңына мерзімі өткен берешегі бар иеленген талап ету құқықтары туралы есептің нысаны; 9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес кредиторлар бөлігінде есепті кезеңнің соңына қарыздар (микрокредиттер) бойынша иеленген талап ету құқықтары туралы есептің нысаны; 10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|