Осы редакция 2018 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 3/470 қаулысымен бекітілген
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленді. 2. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Алматы қаласының әкімдігі атынан өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беретін «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - қызмет беруші) кеңсесі көрсетеді. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нәтижесi - діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру. 5. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - қызмет алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|