|
«2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2016 жылға мынадай: 1) кірістер - 7 268 407 231 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша: салықтық түсімдер - 3 189 806 996 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 159 104 528 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 16 383 224 мың теңге; трансферттер түсімдері - 3 903 112 483 мың теңге; 2) шығындар - 7 920 789 229 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 112 155 814 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 205 246 481 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 93 090 667 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 138 148 303 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 140 798 303 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 650 000 мың теңге; 5) тапшылық - -902 686 115 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 2 пайыз; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 902 686 115 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.»; мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3) және 9-4) тармақшалармен толықтырылсын: «9-1) осы қаулыға 9-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|