Осы редакция 2017 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығына 7-қосымша
«Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Аталған «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы, оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) және сараптама ұйымының www.kazpatent.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығымен бекітілген «Пайдалы модельге патент беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - станарт) негізінде көрсетіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11407 болып тіркелген). 2. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіште берілген, пайдалы модельдің мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген пайдалы модельге патент не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Портал арқылы өтініш берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені және пайдалы модельге патентті пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жібергені туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарламасы не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды түрдегі дәлелді жауап. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 4-тармағында қаралған.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|