Ақмола облысы әкімдігінің 2016.09.09. № А-10/438 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № А-1/611 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/276 қаулысымен бекітілді
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № А-2/48 Қаулысымен күші жойылды
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2017.28.12. берілген өзгерістермен)
1. «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы; 2) www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекет тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген) бекітілген нысандары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі - аккредиттеу туралы куәлік) не Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген) бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1 тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|