|
«Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру оны тоқтату қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Босқын деп тану туралы шешімді жергілікті атқарушы орган шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Егер адам өзін босқын деп тану туралы шешімнің көшірмесі өзіне жіберілгеннен кейін үш ай ішінде босқын куәлігін алу үшін жергілікті атқарушы органға келмесе және осы адамның өзі көрсеткен мекенжайда тұрмайтыны туралы хабарлама келіп түссе немесе осы адамның Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге кеткені не адамның Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүргенін растайтын басқа да анық ақпарат алынса, жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы өз шешімінің күшін жояды.»; 8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Босқын Қазақстан Республикасының аумағындағы болатын жерін ауыстырған кезде оның жеке ісінің материалдары босқын жаңадан есепке қойылған жердегі жергілікті атқарушы органға жіберіледі.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|