Әскери мүлік айналымының жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 1039 Қаулысы (2017.06.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2017.06.04. № 173 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.16.07. № 687 Қаулысымен тақырыбы мен кіріспесі өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2008.16.07. № 687 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.24.05. № 565 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында пайдаланылмайтын әскери мүлікке билік ету құқығы берілген уәкілетті орган болып айқындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Әскери-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) функциялары мен өкілеттіктері беріліп, таратылсын. 3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары өкілдерінің Комиссия жұмысына қатысуын қамтамасыз етсін. 4. ҚР Үкіметінің 2011.24.05. № 565 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2008.16.07. № 687 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.24.11. № 1920 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.06.04. № 173 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді 5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)»республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып белгіленсін: 1) қару-жарақты, әскери техниканы, қорғаныс объектілері мен өзге де пайдаланылмайтын әскери мүлікті кәдеге жарату, жалға беру және сату; 2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында пайдаланылмайтын екі ұдай қолданыстағы қару-жарақтың, әскери техниканың, оқ-дәрінің, олардың қосалқы және жинақтаушы бұйымдарының, өнімдердің, жабдықтардың және тиісті технологияның экспорты; 3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін екі ұдай қолданыстағы қару-жарақтың, әскери техниканың, оқ-дәрінің, олардың қосалқы бөліктерінің және жинақтаушы бұйымдарының, өнімдердің, жабдықтардың және тиісті технологияның импорты. 6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қару-жарақтарын, әскери техникасын және өзге де әскери мүліктерін сату және пайдаға асыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1140 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 786 қаулысы; 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы № 786 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 желтоқсандағы № 1875 қаулысы 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|