|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
19.07.2023 Освобождены ли пенсионеры от уплаты налога на имущество?
В социальных сетях и мессенджерах распространяется информация о полном освобождении пенсионеров от уплаты налога на имущество физических лиц. Однако данная информация не совсем соответствует действительности. Об этом сообщили в Комитете государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан. В соответствии с Налоговым кодексом РК освобождены от уплаты налога на имущество – отдельно проживающие пенсионеры, по юридическому адресу (адресу места их жительства) которых зарегистрированы исключительно пенсионеры, в пределах 1000-кратного размера месячного расчетного показателя от общей стоимости всех объектов налогообложения. При расчете используется размер МРП, установленный законом о республиканском бюджете и действующий на 1 января соответствующего финансового года. Кроме того, подлежат освобождению от уплаты налога на имущество физических лиц следующие лица: 1) в пределах 1000-кратного размера месячного расчетного показателя – герои Советского Союза, герои Социалистического Труда, лица, удостоенные званий «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Epi», награжденные орденом Славы трех степеней и орденом «Отан», многодетные матери, удостоенные звания «Мать-героиня», награжденные подвеской «Алтын алқа; 2) в пределах 1500- кратного размера месячного расчетного показателя – ветераны Великой Отечественной войны, ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, и ветераны боевых действий на территории других государств, лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, лица с инвалидностью, а также иные лица, установленные пунктом 2 статьи 526 Налогового кодекса. Напоминаем, что срок уплаты налога на имущество физических лиц за 2022 год истекает 1 октября 2023 года.
Пресс-служба КГД МФ РК
Зейнеткерлер мүлік салығынан босатылған ба?
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнеткерлер жеке тұлғалардың мүлік салығынан толығымен босатылатындығы туралы ақпарат таралуда. Дегенмен бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде толық түсіндірді. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес бөлек тұратын зейнеткерлер заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде босатылады. Есептеу барысында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері қолданылады. Сонымен қатар, келесі тұлғалар да жеке тұлғалардың мүлік салығынан: 1) айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде – Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағымен және «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар; 2) айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағында белгіленген өзге де тұлғалар босатылады. 2022 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 2023 жылдың 1 қазанында аяқталатынын еске саламыз.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |