Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы (2015.12.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2010.19.03. № 219 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.06.03. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.10. № 1087 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.10. № 1058 Қаулысымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.10. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке: 1) 2015 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін - екі жүз жиырма теңге мөлшерінде; 2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап екі жүз қырық теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
|