|
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 612 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15661 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: 6), 7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өңірлер мен медициналық көмек түрлері бөлінісінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық қызметтерге ақы төлеуге қор активтері мен заңды тұлғаларға берілетін трансферттерін пайдалануы туралы есеп» нысаны; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек түрлері және медициналық қызмет көрсетушілер бөлінісінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық қызметтерге ақы төлеуге қор активтері мен заңды тұлғаларға берілетін трансферттерін пайдалануы туралы есеп» нысаны; 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының фармацевтикалық қызметтердің құнын төлеуге қор активтері мен заңды тұлғаларға берілетін трансферттерін пайдалануы туралы есеп» нысаны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|