|
|
|
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы (2019.23.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.23.12. № 249 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 718-бабының 2-тармағына, «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша сыйақының мөлшерлемелерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.23.12. № 249 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын банк қарыздары және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын микрокредиттер бойынша сыйақының шекті жылдық тиімді мөлшерлемесі 56 (елу алты) пайыз мөлшерінде бекітілсін. Банк қарызы шартын, микрокредит беру туралы шартты жасау, банк қарызын берумен және қызмет көрсетумен байланысты банк қарызы, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сыйақының жылдық тиімді ставкасының шекті мөлшерін бекіту туралы» 2011 жылғы 25 наурыздағы № 33 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6947 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 19 мамырда № 68 (1884), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актіле жинағында 2011 жылғы 22 қарашада № 23 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және микрокредиттік ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |