ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.27.01. № 87 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.18.05. № 209 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» (2017.14.03. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.14.03. № 119 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) және «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.14.03. № 119 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні; 2) порталға жүгінген кезде: I кезең - құжаттар топтамасының қабылдануын және «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік баждың төленгенін растау бойынша хабарлама алу - 5 (бес ) жұмыс күні; II кезең - Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру - 10 (он) жұмыс күні; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|