Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 160/5 қаулысымен бекітілді
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 27/1 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016.19.02. № 41/2 Қаулысымен «халыққа қызмет көрсету орталығымен» сөздері «мемлекеттік корпорациямен» сөздерімен ауыстырылды, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы» сөздері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара) «Туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.19.02. берілген өзгерістермен)
1. «Туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығымен бекітілген «Туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша және фтизиатр дәрігердің қолы қойылған, жеке дәрігердің мөрімен расталған және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, көрсетілген қызметті берушінің мөрімен расталған қағаз түрінде туберкулез диспансерінен анықтама. Анықтама «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында тексерілгеннен кейін беріледі. Анықтаманың жарамдылық мерзімі - 10 күн.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|