«Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжeciн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжеciн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса берiліп отырған Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнің дұрыстығын тексеру қағидалары бекiтiлсiн.»; көрсетілген қаулымен бекiтілген Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжеciнде: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидалары»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерінiң дұрыстығын тексеру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу саласындағы уәкiлетті органның (бұдан әрі – тіркеуші орган) лауазымды адамдарының тексерiс жүргiзу тәртiбiн белгілейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|