Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 604 қаулысымен бекітілген 1-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 35 Қаулысымен күші жойылды
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық
1. Жалпы ережелер
1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық -педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11047 тіркелген) бекітілген «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық -медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтерді, білім беру бағдарламасының нысаны көрсетілген мемлекеттік жазбаша қорытынды. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініштерді қабылдаудан бас тартады және Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|