|
|
|
24.11.2021 Есірткі заттарының заңсыз айналымы жөніндегі соттық тәжірибе
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2020 жылы қаралған есірткіге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық істерге талдау жасалды. Аталған талдау 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары негізінде жүргізілді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2020 жылы 23 адамға қатысты 17 қылмыстық іс қаралды. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында негізінен ҚР ҚК-нің 297-бабының 3, 4-бөліктерінде көзделген қылмыстар бойынша қылмыстық істер қаралады. ҚР ҚК-нің 297-бабына сай есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу. Бұл орайда есірткіге қатысты қылмыстық істерді зерделеу барысында сотталушылар өздері есірткіге тәуелді болмаса да, негізінен пайда табу мақсатында есірткі заттарын иемденіп, сақтап, тасымалдап және өткізетіндері көрінеді. Мысалға, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 28 қаңтар 2020 жылғы үкімімен А.Ермековке ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3) тармағымен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сот мәжілісінде анықталғандай, А.Ермеков аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын, яғни кептірілген марихуананы, гашишты өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, дайындап, қайта өңдеп, сақтаған және тасымалдаған. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 12 тамыз 2020 жылғы үкімімен Ж.Оразға ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3) тармағымен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотта анықталғандай, Ж.Ораз аса ірі мөлшердегі есірткі затын, яғни кептірілген марихуананы өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған және 6,37 грамм кептірілген марихуананы 10000 теңгеге сатқан. Мысалға, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 29 қаңтар 2020 жылғы үкімімен М.Уменов пен А.Азнабаевқа ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен 12 және 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сот тергуінде анықталғандай, М.Уменов пен А.Азнабаев, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшердегі 30030,00 кг есірткі заты кептірілген марихуананы өткізу мақсатымен, заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдағаны үшін кінәлі деп танып, оларға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. 02 қыркүйек 2019 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданы аумағындағы «Самара-Шымкент» тас жолының 864 шақырымында полиция қызметкерлерімен М.Уменовтің басқаруындағы «БМВ 320» маркалы, мемлекеттік нөмірі KZ 686 EAZ 04 автокөлігі тоқтатылып, көлікке тінту жүргізу барысында екі жол сөмкеге салынған, аса ірі мөлшердегі жалпы салмағы 30030,00 грамм болатын кептірілген марихуана түріндегі есірткі заттары алынған. Сонымен қатар, М.Уменов бұрын 16 мамыр 2017 жылғы сот үкімімен ҚР ҚК-нің 380-бабының 2-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, 05 ақпан 2019 жылы 3 жыл 2 ай 20 күнге бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған. А.Азнабаев бұрын 11 шілде 2014 жылғы сот үкімімен ҚР ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, ҚК-нің 63-бабының негізінде 2 жылға сынақ мерзімі белгіленген. 03 ақпан 2015 жылы пробациялық бақылау бір айға ұзартылған, 18 наурыз 2015 жылы шартты түрде соттаудың күші жойылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы орындауға жіберілген, 24 қараша 2017 жылы жазасын өтеп шыққан. Сондықтан сотпен М.Уменов пен А.Азнабаевтың әрекеттерінде ҚК-нің 14-бабының 2-бөлігінің 2) тармағына сәйкес қылмыстардың қауіпті қайталануы танылған. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 04 желтоқсан 2020 жылғы үкімімен Н.Шоймановқа ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3) тармағымен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сот тергеуінде анықталғандай, 04 тамыз 2020 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданы аумағындағы «Самара-Шымкент» тас жолының 842 шақырымында полиция қызметкерлерімен Н.Шоймановтың басқаруындағы «Lada X-Rey» маркалы, мемлекеттік нөмірі 574 LWA 04 автокөлігі тоқтатылып, көлікке тінту жүргізу барысында көліктен бірнеше полиэтилен пакеттеріне оралып қапқа салынған, аса ірі мөлшердегі жалпы салмағы 4878,45 грамм кептірілген марихуана есірткі заттары алынған. Н.Шойманов бұрын 08 маусым 2017 жылғы сот үкімімен ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен, 297-бабының 1-бөлігімен, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі, 55-бабының 4-бөлігі негізінде 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, 20 маусым 2018 жылы 1 жыл 11 ай 17 күнге бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған. Алайда, Шойманов қасақана жоғарыдағы анықталған қылмысты жасаған. Н.Шоймановтың әрекетінде ҚК-нің 14-бабының 2-бөлігінің 2) тармағына сәйкес қылмыстардың қауіпті қайталануы танылды. Осы орайда, Шоймановқа алдыңғы сот үкімімен жаза тағайындау кезінде оның бірінші топтағы мүгедектігі, денсаулық жағдайы ескеріліп және басқа да қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың жиынтығында ең төменгі жаза тағайындалған. Дегенмен, Шоймановқа бас бостандығынан айыру жазасының ең төменгі мөлшері тағайындалып, кейін сотпен бұл жазасы бас бостандығынан шектеуге ауыстырылғанымен қайтадан есірткімен байланысты қылмыстар жасауын тоқтатпаған. Керісінше, қасақана аса ауыр түрдегі қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған. Сот Н.Шоймановтың жеке басын, оның ішінде бұрын ауыр қылмыс жасап, өзінің тәртібінен, мінез-құлқынан және сотпен ең төменгі жаза тағайындалып, ерте бостандыққа шыққанымен ешқандай нәтиже шығармағанын, түзелу жолына түспей, аса ауыр қылмысты қауіпті қайталануымен жасауын ескеріп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған дұрыс деп есептеген. Соттармен қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселенің бірі бұл сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен сотталушының кінәсін дәлелдейтін дәледемелердің заң талабына қайшы, бұзып алыну жағдайына да назар аударылады. ҚР ҚПК-нің 112-бабының 1-бөлігіне сай нақты деректер, егер олар осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердің анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезінде процеске қатысушыларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестің өзге де ережелерін бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, оның ішінде: 1) азаптауды, зорлық-зомбылықты, қорқытуды, алдауды, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттер мен қатыгез қарым-қатынасты қолдану арқылы; 2) қылмыстық процеске қатысатын адамға өз құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірмеу, толық немесе дұрыс түсіндірмеу салдарынан туындаған оның жаңылысуын пайдалану арқылы; 3) осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекетті жүргізуіне байланысты; 4) қарсылық білдірілуге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты; 5) процестік әрекетті жүргізу тәртібін елеулі түрде бұзу арқылы; 6) белгісіз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден; 7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы алынса, дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол берілмейді деп танылуға тиіс. Мысалға, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 24 тамыз 2020 жылғы үкімімен Р.Маккачевке ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 2), 3), 5) тармақтарымен 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда, осы сот үкімімен Р.Маккачев айып тағылған 8 (сегіз) эпизод бойынша кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты ақталды. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 08 тамыз 2019 жылғы үкімімен Б.Мухамедьяров пен А.Жаксылыковқа ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1), 2), 3) тармақтарымен, 297-бабының 2 бөлігімен, 287-бабының 2-бөлігімен, 287-бабының 3-бөлігімен 13 және 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Осы қылмыстық істі қарау барысында сотталушыларға қатысты жинақталған кейбір дәлелдемелердің заң талаптарын бұза отырып алынуы, яғни ҚР ҚПК-нің 87, 89-баптарының талаптары сақталмай, өрескел бұзылғаны анықталды. Бұл мән-жәйлар сотқа дейінгі тергеп тексеру органдарымен істі тергеу кезінде көптеген қателіктер, заң бұзушылықтар жіберілетнін көрсетеді. Заң талаптарының сақталмай, бұзылғаны анықталған жағдайда соттармен облыс прокурорына, басқа құқық қорғау органдарының басшылығына жіберілген заң бұзушылықтар бойынша жеке қаулы шығарылған. Жеке қаулыларға жауаптар алынған.
Судья Қ.Мирзабеков
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |