|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
02.03.2022 Паспорт налогоплательщика не содержит налоговую тайну
Введенный с 1 марта 2022 года «Паспорт налогоплательщика» не содержит сведения, являющиеся налоговой тайной, и призван защищать права потребителей. Все сведения можно получить с помощью считывания QR-кода. Об этом сообщили в Комитете государственных доходов МФ РК. Паспорт налогоплательщика – информационная карта субъекта предпринимательства, содержащая сведения, не являющиеся налоговой тайной, в штрих-коде (QR-код), формируемом через портал Комитета государственных доходов МФ РК. Паспорт налогоплательщика содержит следующие сведения: - идентификационный номер; - наименование индивидуального предпринимателя, юридического лица; - фамилию, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) индивидуального предпринимателя, руководителя юридического лица; - статус налогоплательщика – действующий, бездействующий, приостановивший представление налоговой отчетности; - дату постановки на регистрационный учет, дату снятия с регистрационного учета; - регистрационный номер контрольно-кассовой машины в налоговом органе, место использования контрольно-кассовой машины; - наличие или отсутствие лицензии на хранение и розничную реализацию алкогольной продукции, за исключением деятельности по хранению и розничной реализации алкогольной продукции на территории ее производства. Целью внедрения паспорта налогоплательщика является использование его, прежде всего, для усиления контроля самим обществом по исполнению обязательств субъектов бизнеса, а также для защиты прав потребителей. Задачей налогоплательщиков (сфера общественного питания и торговли) является распечатка и размещение сформированного паспорта в местах непосредственного нахождения контрольно-кассовых машин, общедоступных для информирования населения. При этом сообщаем, что такой паспорт не требует ежемесячного обновления налогоплательщиком, поскольку данный QR-код обновляется автоматически при изменении регистрационных данных. В настоящее время, в связи с проводимыми техническими работами в части интеграции информационных систем КГД по формированию штрих-кода, данный сервис временно не доступен к использованию, соответственно, до окончания проведения указанных работ, отсутствие QR-кода у налогоплательщика не повлечет к административной ответственности.
Салық төлеушінің паспорты салық құпиясын ашпайды
2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енген «Салық төлеушінің паспорты» салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді ашпайды және тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған. Барлық мәліметтерді QR-кодты оқу арқылы көруге болады. Салық төлеушінің паспорты - салық құпиясы болып табылмайтын, мемлекеттік кірістер комитетінің порталы арқылы қалыптастырылатын штрих-кодта (QR-код) қамтылатын мәліметтерді құрайтын кәсіпкерлік субъектісінің ақпараттық картасы. Салық төлеушінің паспортында мынадай мәліметтер қамтылады: - сәйкестендіру нөмірі; - дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы; - дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе); - салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан; - тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн; - бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны; - алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы. Салық төлеушінің төлқұжатын енгізудің мақсаты бизнес субъектілерінің міндеттемелерін орындауын қоғамның өзі бақылауды күшейту, сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін пайдалану болып табылады. Салық төлеушілердің (қоғамдық тамақтандыру және сауда саласы) міндеті - қалыптастырылған паспортты бақылау-касса машиналарының тікелей орналасқан орындарында, халықты ақпараттандыру үшін жалпыға бірдей қолжетімді жерлерде басып шығару және орналастыру болып табылады. Бұл ретте, осындай паспорт салық төлеушінің ай сайынғы жаңартуын қажет етпейді, өйткені тіркеу деректері өзгерген кезде штрих-код автоматты түрде жаңартылады. Қазіргі уақытта штрих-кодты қалыптастыру бойынша МКК ақпараттық жүйелерін біріктіру бөлігінде жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты бұл сервис уақытша пайдалануға қол жетімсіз, сәйкесінше, аталған жұмыстардың аяқталуына дейін салық төлеушіде штрих-кодтың болмауы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқпайтынына назар аударамыз.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |