Осы редакция 2019 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына 5-қосымша
Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің (2018.23.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Негізгі ережелер
1. Осы Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағида) сәйкес әзірленген және Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері қызметінің (бұдан әрі - балалар үйі) тәртібін белгілейді. 2. Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің негізгі міндеті отбасы жағдайында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге, оқытуға, сауықтыруға және өз бетінше өмір сүруге қажетті жағдай жасау болып табылады. ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2018.23.05. № 222 бұйрығымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Балалар үйлері жинақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген білім беру ұйымдары түрлері номенклатурасының 9-тармағында көрсетілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бір түріне қайта құрылуы мүмкін. 3. Тәрбиеші - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алатын тұлға. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|