|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №16-17, 642-құжат; №23, 929-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №10, 244-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №23, 309-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 7-құжат; №4, 25-құжат; №11, 56-құжат; №14, 103-құжат; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №3-4, 16-құжат; №5, 25-құжат; №6, 42-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №21-22, 87-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №4, 24, 25-құжаттар; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №3, 21-құжат; №4, 28-құжат; №5-6, 37-құжат; №8, 52-құжат; №9, 67-құжат; №12, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат; №9-10, 48-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №3-4, 12-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50, 53-құжаттар; №16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 13, 14, 15-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №12, 85-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 82-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №11, 61, 69-құжаттар; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат): 1) мазмұнындағы 694-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «694-бап. Аралас тасымалдар»; 2) 694-бап мынадай редакцияда жазылсын: «694-бап. Аралас тасымалдар Екі немесе одан да көп көлiк түрлерiмен бірыңғай тауар-көлiк жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) бойынша тасымалдау (аралас тасымалдар) кезіндегі өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ осындай тасымалдарды ұйымдастыру тәртiбi Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актiлеріне сәйкес аралас тасымалдар қатысушыларының арасындағы жасалатын шарттармен айқындалады.». 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №15, 71-құжат; №24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №7, 54-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 125-құжат; №16, 129-құжат; №20, 151-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 16-құжат; №3, 21-құжат; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №5-6, 30-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 6-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-І, №19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат): 1) 157-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасының Үкіметі жасаған қарыз туралы келісім шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландыру, егер қарыз шартының талаптарына сәйкес мердігермен азаматтық-құқықтық шартта құнын ұлғайтуды қаржыландыру жөнінде өзгеше талаптар белгіленген болса, азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы түзетпей-ақ мүмкін болады.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық шарттың талаптарына сәйкес жол учаскелерінің сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландыруға Республикалық бюджет комиссиясының қарауынсыз жол берілмейді.»; 2) 215-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны қоспағанда, мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепілдік берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекеттік кепілдік беру кезінде жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг пен акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде және басқа да заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік кепілдік сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.»; 3) 216-баптың 3) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесі осы Кодекстің 215-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны, сондай-ақ жобаларды іске асыруға екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыруды көздейтін ұлттық холдингтер мен олардың еншілес ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы. Банк кепілдігі қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзіміне бір рет беріледі және негізгі борыш сомасын, сондай-ақ сыйақылардың, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімпұлдың, айыппұлдың) барлық сомаларын және қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын өзге де төлемдерді жабады. Сақтандыру шарты жоба бойынша қарыз алушыны дефолтқа және мемлекеттің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауына әкеп соқтыруы мүмкін тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етуге тиіс;»; «9) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды және тізбесі осы Кодекстің 215-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны қоспағанда, ұсынылатын инвестициялық жобаның құнына қатысты кемінде отыз пайызды құрайтын меншікті капиталының болуы;». 3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №13-14, 63-құжат; №15-16, 74-құжат; №17, 82-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28, 29-құжаттар; №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; №22, 130, 132-құжаттар; №24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №15, 120-құжат; №16, 128-құжат; №20, 151-құжат; №21, 161-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 11, 15-құжаттар; №3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №6, 43, 44-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 7, 10-құжаттар; №3, 15-құжат; №4, 21-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №12, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №21-22, 114, 115-құжаттар; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №11, 52-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78-құжат): 244-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында: төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «әуе көлігінде - қағаз жеткізгіште жазылған жүкқұжат немесе электрондық нысандағы әуе жүкқұжаты;»; мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: «көліктің екі немесе одан да көп түрлерімен (аралас тасымал) транзиттеу кезінде - бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);». 4. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 186-құжат; 1998 ж., №24, 447-құжат; 2001 ж., №23, 309, 321-құжаттар; №24, 338-құжат; 2003 ж., №10, 54-құжат; 2004 ж., №18, 110-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №15, 63-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №14, 89-құжат; №24, 148-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №17-18, 114-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №3, 21-құжат; №14, 92, 96-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №1, 2-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 123-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) және 1-6) тармақшалармен толықтырылсын: «1-2) аралас тасымал - бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатымен (бірыңғай коносаментпен) көліктің екі немесе одан да көп түрімен тасымалдау; 1-3) аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты - аралас тасымалдар операторы мен әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдаушылар арасында жасалған шарт; 1-4) аралас тасымалдар операторы - аралас тасымалды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 1-5) аралас тасымалдар шарты - аралас тасымалды жүзеге асыру үшін аралас тасымалдар операторы мен клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) арасында жасалған шарт; 1-6) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) - аралас тасымалдар операторының жүкті межелі пунктке дейін жеткізу үшін өз иелігіне қабылдағанын куәландыратын құжат;»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес, ал аралас тасымалдар кезінде жасалған аралас тасымалдар шартына сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;»; 10) тармақша алып тасталсын; 2) 9-бапта: бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Метрополитенмен және жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын жергілікті атқарушы орган айқындайды.»; мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Жеңіл рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметті ұсыну жергілікті атқарушы орган мен астананың көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компания арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.»; 3) 10-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдауға және тасымалдауларға байланысты қызмет көрсетуге, оның ішінде аралас тасымалдар кезінде тасымалдаушылар және көлік кәсіпорындары қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi (шарттық) тарифтер (осы Заңның 9-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайлардан басқа) белгiленедi.»; 4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: «12-бап. Аралас тасымал Теміржол, теңіз, ішкі су, әуе және автомобиль көлігі көліктік логистика қағидаттарын қолдана отырып және көлік инфрақұрылымын пайдалана отырып аралас тасымалдар жүйесін құрайды. Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы), аралас тасымалдар операторы мен әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдаушылар аралас тасымалдарға қатысушылар болып табылады. Аралас тасымалдарды жүзеге асыру тәртібі мен талаптары, аралас тасымалдар шарттарын жасасудың және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимылдың негізгі ережелері мен тәртібі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін аралас тасымалдар қағидаларымен белгіленеді.»; 5) мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2 және 12-3-баптармен толықтырылсын: «12-1-бап. Аралас тасымалдар шарты 1. Аралас тасымалдар шарты мыналарды: 1) клиенттің (жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жолаушының, кемемен жалданушының) және аралас тасымалдар операторының құқықтары мен міндеттерін; 2) клиенттің (жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жолаушының, кемемен жалданушының) және аралас тасымалдар операторының жауапкершілігін; 3) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатын (бірыңғай коносаментті) толтыру тәртібін; 4) жеткізу мерзімі мен шарттарын; 5) межелі пункттерді; 6) жүктердің көлемін; 7) төлем құны мен тәртібін қамтуға тиіс. Аралас тасымалдар шарты аралас тасымалды ұйымдастырудың осы Заңда және аралас тасымалдар қағидаларында көзделмеген өзге де талаптарын қамтуы мүмкін. 2. Аралас тасымалдар операторының: 1) өзiнiң қасиеттері, салмағы мен габариттік параметрлері бойынша аралас тасымал шартында көрсетiлген жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн жүктi аралас тасымалдаудан бас тартуға; 2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) көрсеткен жаңа межелi пунктке еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан жүктi жеткiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, аралас тасымалдаудан бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы алдын ала хабардар ете отырып, жүктi оған қайтаруға құқығы бар. Бұл ретте аралас тасымалдар операторының қосымша шығыстарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк жөнелтушi (жүкті алушы) төлейдi; 3) клиенттен (жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан, жолаушыдан, кемемен жалданушыдан) аралас тасымалдар шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауды талап етуге құқығы бар. Аралас тасымалдар операторының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар шартында белгiленген өзге де құқықтары бар. 3. Аралас тасымалдар операторы: 1) белгіленген мерзімде жүкті қабылдауға; 2) жүкті жөнелту пунктінен межелі пунктке әртүрлі көлік түрлерін пайдалана отырып тасымалдауды ұйымдастыруға; 3) тасымалдаудың әрбір кезеңінде жүктің қозғалысына мониторингті қамтамасыз етуге; 4) бүкіл қозғалыс жолында жүктің сақталуын қамтамасыз етуге; 5) жүктің белгіленген мерзімде жеткізілуін қамтамасыз етуге; 6) жүкті алуға уәкілетті адамға (жүк алушыға) жүкті беруді қамтамасыз етуге міндетті. Аралас тасымалдар операторы Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар шартында белгiленген өзге де мiндеттер атқарады. 4. Клиенттің (жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жолаушының, кемемен жалданушының): 1) мәлімделген жүкті тасымалдау үшін қозғалыс маршруты, көліктің құрамы мен түрлері туралы ақпарат алуға; 2) аралас тасымалдар операторынан аралас тасымалдар шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды талап етуге; 3) жазбаша құжаттық дәлелдемелерді көрсеткен жағдайда, аралас тасымалдар кезінде келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқығы бар. Клиенттің (жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жолаушының, кемемен жалданушының) Қазақстан Республикасының заңдарына және аралас тасымалдар шартына сәйкес өзге де құқықтары бар. 5. Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы): 1) аралас тасымал шартында көрсетілген мерзімге сәйкес аралас тасымалдар операторына жүкті беруге; 2) аралас тасымалдар операторына аралас тасымал шартында айтылған барлық тиесілі төлемдерді төлеуге міндетті. 12-2-бап. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты 1. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты: 1) аралас тасымал кезінде тартылған аралас тасымалдар операторы мен тасымалдаушылардың құқықтары мен міндеттерін; 2) аралас тасымалды жүзеге асыру талаптары мен тәртібін; 3) төлем құны мен тәртібін; 4) тасымалдаушылардың өзара іс-қимыл жасау және жүкті көлік құралының бір түрінен екінші түріне ауыстырып тиеу тәртібін; 5) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатын (бірыңғай коносаментті) толтыру тәртібін; 6) жеткізу мерзімі мен талаптарын қамтуға тиіс. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты аралас тасымалды ұйымдастырудың осы Заңда және аралас тасымалдар қағидаларында көзделмеген өзге де талаптарын қамтуы мүмкін. 2. Аралас тасымалдар операторының: 1) егер тасымалдаушының көлік құралы өзінің қасиеттері, салмағы мен габариттік параметрлері бойынша аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында көрсетілген жүк параметрлеріне сәйкес келмейтін болса, тасымалдаушыға жүкті аралас тасымалдаудан бас тартуға; 2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) көрсеткен жаңа межелi пунктке еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан жүктi жеткiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, аралас тасымалдаудан бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы алдын ала хабардар ете отырып, жүктi оған қайтаруды қамтамасыз етуге құқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының қосымша шығыстарын аралас тасымалдар операторы өтейді; 3) тасымалдаушыдан аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауын талап етуге; 4) жазбаша құжаттық дәлелдемелерді көрсеткен жағдайда, аралас тасымал кезінде келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқығы бар. Аралас тасымалдар операторының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де құқықтары болады. 3. Аралас тасымалдар операторы белгіленген мерзімде жүкті тасымалдаушыға беруге міндетті. Аралас тасымалдар операторының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де мiндеттері болады. 4. Аралас тасымал тасымалдаушысының: 1) өзiнiң қасиеттері, салмағы мен габариттік параметрлері бойынша аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында көрсетiлген жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн жүктi аралас тасымалдаудан бас тартуға; 2) егер жүктi одан әрi тасымалдау жүктi тасымалдау қауiпсiздiгiне және оның сақталуына қатер төндiрсе, жүктi түсiріп тастауға құқығы бар. Аралас тасымал тасымалдаушысының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де құқықтары болады. 5. Аралас тасымал тасымалдаушысы: 1) жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiне және қозғалыс барысындағы өз бөлігінде жүктің сақталуына төнген қатер туралы аралас тасымалдар операторын дереу хабардар етуге, бұл ретте аралас тасымалдар операторынан алынған нұсқауларды сақтауға, сондай-ақ жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн және жүктің сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегі өзi жасаған іс-қимылдар туралы дереу хабардар етуге; 2) жүктi қабылдау кезiнде бірыңғай тауар-көлiк жүкқұжатындағы (бірыңғай коносаменттегі) жүкке және оның орамасына қатысты жазбалардың дәлдiгiн тексеруге; 3) көлiк құралына тиеудiң белгiленген нормаларын сақтау, жүкті тасымалдауды орындау қауiпсiздiгiн және жүктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүктiң қатталуы мен бекiтiлуiн бақылауға; 4) аралас тасымалдар операторына мәлімделген жүкті тасымалдау үшін қозғалыс маршруты, көліктің құрамы мен түрлері туралы ақпарат беруге; 5) операторға жүкті тасымалдаудың тиісті учаскесінде тұрған жерін қадағалауға мүмкіндік беруге; 6) жүкті аралас тасымал кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгіленген мерзімде аралас тасымалдаудың келесі тасымалдаушысына немесе жүкті қабылдап алуға уәкілетті адамға (жүкті алушыға) беруге міндетті. Аралас тасымал тасымалдаушысы Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де мiндеттер атқарады. 12-3-бап. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) Қызмет көрсету және аралас тасымалдар шартының талаптарын орындау бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатымен (бірыңғай коносаментпен) куәландырылады, онда аралас тасымалдар операторы мен жүк тасымалдаушылардың жүкті аралас тасымалдар шартының талаптарына және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартына сәйкес оны межелі пунктке дейін жеткізу үшін өз иелігіне қабылдағаны расталады. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) нысаны және оны толтыру тәртібі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін аралас тасымалдар қағидаларында белгіленеді. Халықаралық аралас тасымалдар кезінде халықаралық ұйымдар қабылдаған халықаралық үлгідегі бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) қолданылады.»; 6) 15-2 және 17-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «15-2-бап. Көлік-логистика орталықтары 1. Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын операцияларға байланысты халықаралық және өңірлік көлік-логистика орталықтары құрылуы мүмкін. Халықаралық көлік-логистика орталықтары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларды орындауға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік және шекаралық операцияларды қоса алғанда, қарап-тексеруге арналған. Өңірлік көлік-логистика орталықтары Еуразиялық экономикалық одақ шегінде жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларды орындауға арналған. 2. Уәкілетті мемлекеттік орган көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді.»; «17-бап. Тасымалдаушының және аралас тасымалдарға қатысушылардың жауапкершілігі Тасымалдаушының жолаушылармен және жүк иелерiмен, ал аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторының клиентпен (жүк жөнелтушiмен, жүк алушымен, жолаушымен, кемемен жалданушымен), тасымалдаушының аралас тасымалдар операторымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы жасасқан келiсiмдерiнiң, жүк тасымалдары кезiнде осындай келiсiмдер жасасу мүмкiндiгi оларда көзделген жағдайларды қоспағанда, күшi болмайды. Тасымалдаушы жүктің, багаждың және пошта жөнелтiлiмдерiнiң тасымалдауға қабылданған кезінен бастап алушыға берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз етедi. Егер тасымалдаушы жүктiң немесе багаджың жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктiң немесе багаждың жоғалғаны, жетiспегенi немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi. Аралас тасымалдар кезінде аралас тасымалдар операторы, егер жүктiң жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi, сондай-ақ жүкті жеткізіп берудің кешіктірілуі өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктің жоғалғаны, жетіспегені немесе бүлінгені, жеткізіп берудің кешіктірілгені үшін, сондай-ақ шарттың орындалуына тартылған өз жұмыскерлерінің немесе үшінші тұлғалардың әрекеттері және қателіктері үшін клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады. Аралас тасымалға қатысатын тасымалдаушы, егер жүктің жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi, сондай-ақ жүкті жеткізіп берудің кешіктірілуі өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүкті тасымалдауға қабылдаған кезден бастап басқа тасымалдаушыға берген немесе клиентке (жүк жөнелтушiге, жүк алушыға, жолаушыға, кемемен жалданушыға) тапсырған кезге дейін ол жүктің жоғалғаны, жетіспегені немесе бүлінгені, жүкті жеткізіп берудің кешіктірілгені үшін аралас тасымалдар операторы алдында жауаптылықта болады. Жүктi немесе багажды тасымалдау кезiнде келтiрiлген залал: 1) жүк немесе багаж жоғалған немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген жүктiң немесе багаждың құны мөлшерiнде; 2) жүк немесе багаж бүлiнген (бұзылған) жағдайда - олардың құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал бүлінген жүктi немесе багажды қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда - олардың құны мөлшерiнде; 3) құндылығы жарияланып, тасымалдауға тапсырылған жүк немесе багаж жоғалған жағдайда - жүктiң немесе багаждың жарияланған құны мөлшерiнде өтеледi. Жүктiң немесе багаждың құны уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн қағидалар (әдiстеме) бойынша тасымалдау және көлiк түрлерiне байланысты немесе Қазақстан Республикасы жасаған тиісті халықаралық шарттардың қағидаттары негiзiнде белгiленетiн бағасы негiзге алына отырып айқындалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |