«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ-75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосымша мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын: «Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымшада: «Дәрілік заттардың (дәрілік нысан) немесе медициналық бұйымдардың немесе арнайы емдік өнімдердің атауы» және «Анатомиялық-терапиялық-химиялық (АТХ) сыныптама коды» деген бағандарда: «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар» деген 1-бөлімде: 4-жолда дәрілік заттардың мынадай атаулары алып тасталсын: «Гидрохлоротиазид, таблетка» - C03AA03, «Эналаприл, таблетка» - C09AA02, «Вальсартан, таблетка» - C09CA03»; 8-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: «Вилантерол және Умклидиния бромиді, ингаляцияға арналған ұнтақ» - R03AL03»; 20-жолда дәрілік заттың мынадай атауы алып тасталсын: «Құрамында жоғары Виллебранд факторымен комбинацияда қанның ұю факторы, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат/вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат-B02BD06»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|