<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЛГІ...

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Осы редакция 2017 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 17 мамырдағы

№ 499 қаулысымен

бекітілген

  • Показать изменения



Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің

 үлгілік қағидалары
(2014.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) әзірленді және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан олардың қызмет тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Мамандандырылған білім беру ұйымдары дарынды балалардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең меңгеруіне бағытталған элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Мамандандырылған білім беру ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Қағидаларға және осылардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады. Жарғыны мамандандырылған білім беру ұйымы әзірлейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының негізгі мақсаты - серпінді даму ортасында өзін-өзі белсендіруге дайын бәсекеге қабілетті адамды және дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының міндеттері:

1) элитарлық білім беруді іске асыру;

2) елдің зияткерлік әлеуетін сақтау және дамыта түсу;

3) дарынды балаларды даралап оқытуды және білім алушылардың мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын сапалы меңгеруін қамтамасыз ету;

4) дарынды балалардың өзіндік, жобалық және зерттеушілік қызмет дағдыларын жетілдіру;

5) ұлттық мақтаныш, азаматтық қадір-қасиет, Отанына, өз халқына деген сүйіспеншілік сезімі бар азамат пен патриоттың әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысаны бойынша мыналарға бөлінеді:

1) мамандандырылған мектептер;

2) интернаттық мекемесі бар мамандандырылған білім беру ұйымдары;

3) мамандандырылған мектеп-кешендер.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Қызметін ұйымдастыру нысанына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мыналар болып табылады:

1) мамандандырылған мектеп;

2) мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);

3) мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия);

4) мамандандырылған мектеп-интернат;

5) мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;

6) мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;

7) мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;

8) мамандандырылған спорт мектеп-интернаты;

9) мамандандырылған әскери мектеп-интернат;

10) қазақ-түрік лицейі;

11) мамандандырылған мектеп-кешен.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Мамандандырылған білім беру ұйымының мынадай бағыттары бар: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, көркем-эстетикалық, әскери, спорттық.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім берудің жаңа мазмұнын іздеуді, әзірлеуді, оны енгізу нысандары мен әдістерін, эксперименттік оқу бағдарламалары мен жоспарларын сынақтан өткізуді ұйымдастыратын шығармашылық зертхана болып табылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

Қызметті ұйымдастыру

 

10. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын құру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Мамандандырылған білім беру ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім деңгейі бойынша берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12. Мамандандырылған білім беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы жазылған мөрі, ағымдағы шоты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да шоттары болады.

ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1332 Қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

12-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, мамандандырылған білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1332 Қаулысымен 12-2-тармақпен толықтырылды

12-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті кадрлардың, қажетті материалдық-техникалық базаның және білім беру процесін тиісті оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және ғылыми сүйемелдеу болуы қажет. Даму мүмкіндігі шектеулі дарынды балаларды оқыту үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті жағдайлар жасалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2014.19.12. № 1332 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

14. Педагог қызметкер жыл сайынғы медициналық тексеруден, сондай-ақ бес жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

  • Показать изменения

Құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, мамандандырылған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Білім беру процесі

 

15. Мамандандырылған білім беру ұйымындағы білім беру процесін ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16. Оқу жұмыс жоспары мен мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуді мамандандырылған білім беру ұйымы дербес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17. Мамандандырылған білім беру ұйымдары жарғыларында айқындалатын оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін өздігінен дербес таңдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім алушылардың сұрауларына және кадрлық әлеуеттің мүмкіндіктеріне сәйкес ішкі бейінді пәндер, сондай-ақ қолданбалы курстар мен факультативтердің білім салаларын айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының әр деңгейдегі сынып-комплектілер мен сыныптардағы білім алушылар саны тиісті жағдайлар болғанда қалыптастырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20. Мемлекеттік (орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін) және орыс (қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін) тілдерін,ақпараттық есептеу техникасы негіздерін, ритмиканы, хореографияны, музыканы, дене тәрбиесін, технологияны оқыту, сондай-ақ бейіндік пәндерден зертханалық, практикалық жұмыстар жүргізу кезінде сыныптар 2 топқа, шетел тілдерін және шетел тіліндегі пәндерді оқыту кезінде 3 топқа бөлінді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21. Сыныптарды қосымша бөлу, икемді вариативті кесте, деңгейлік бөлу, консультациялар мен таңдау бойынша пәндер жүйесі арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру мамандандырылған білім беру ұйымының толық күн режимінде жұмыс істеуін талап етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22. Білім алушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-комплектіге психологтың бір ставкасы есебінен психологиялық қызмет құрылады, сынып-комплектілер санын арттыру кезінде психолог ставкасының саны тиісті жылға көзделген жалақы қорының есебінен және оның шегінде артады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

23. Мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс уақыты көзделуі тиіс.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Басқару және кадрлық қамтамасыз ету

 

24. Мамандандырылған білім беру ұйымын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға, мамандандырылған білім беру ұйымының жарғысына және құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

25. Мамандандырылған білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық кеңес, оқу-әдістемелік кеңес, қамқоршылық кеңес және т.б. болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

26. Тікелей басшылықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалатын басшы жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

27. Мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы:

1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;

4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;

5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын мақсатты пайдаланбағаны;

6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген өзге де талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

28. Мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

29. Педагог кадрлар мен басқа да қызметкерлерді жұмысқа Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес басшы қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

30. Мамандандырылған білім беру ұйымы материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша шарттық негізде өзінің қызмет бағытына сәйкес жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

31. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері «Білім туралы» Заңмен, жарғымен, Ішкі тәртіп ережелерімен және қызметтік нұсқаулықтармен айқындалады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қаржыландыру

 

32. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

33. Мамандандырылған білім беру ұйымының қызметін қаржыландыру:

1) мемлекеттік - жергілікті және республикалық бюджет қаражаты;

2) заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден және қызметтің басқа да түрлерінен түскен қаражат есебінен жүзеге асырылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Халықаралық ынтымақтастық

 

34. Мамандандырылған білім беру ұйымы халықаралық қызметке білім беру саласындағы уәкілетті органның желісі бойынша, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен өз бастамасы бойынша қатысады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

35. Мамандандырылған білім беру ұйымы оқыту, тағылымдама өту, тәжірибе алмасу, семинарлар, конференциялар, олимпиадалар жұмыстарына қатысу және т.б. бойынша халықаралық қызметті жүзеге асырады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қайта құру және тарату

 

36. Мамандандырылған білім беру ұйымын қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.