«Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22660 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларында: 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады: 1) ашық диалогтың интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі; 2) ашық диалог интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторы ұсынатын, баптауларды және ашық диалогтың интернет-порталында орналастырылатын контентті басқаруға арналған қосымша; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|