|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
05.08.2022 Push-напоминания о сроках исполнения налоговых обязательств
Push-напоминания направляются предпринимателям о сроках исполнения налоговых обязательств. Об этом сообщили в Комитете государственных доходов МФ РК. С 5 августа 2022 года для удобства пользователей, в рамках сотрудничества с операторами фискальных данных, Комитет совместно с АО «Транстелеком» запускает новый сервис «push-налоговые сообщения» в контрольно-кассовых машинах (ККМ). Главная идея совместного проекта – быстро и доступно напоминать пользователям ККМ о своевременном исполнении налоговых обязательств, в том числе по составлению и представлению налоговой отчетности в налоговый орган. На первоначальном этапе push-налоговые сообщения пользователям ККМ будут направляться до наступления сроков и в период представления налоговой отчетности. Сервис напомнит и сообщит о необходимости предоставления в установленный срок налоговой отчетности и позволит избежать применения налоговыми органами дальнейших способов обеспечения исполнения, не выполненного в срок налогового обязательства - блокировки счетов и штрафов. «С сегодняшнего дня налогоплательщики начнут получать через ККМ push-налоговые сообщения с напоминанием о своевременном представлении в срок не позднее 15 августа 2022 года месячной, квартальной (2 квартал), полугодовой (1 полугодие) налоговой отчетности, в том числе по форме 910.00 (упрощенная декларация)», - сообщили в КГД.
Кәсіпкерлерге салық міндеттемесін орындау мерзімдерін еске салу үшін push-хабарламалары жіберілуде
Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. 2022 жылғы 5 тамыздан бастап пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін, фискалдық деректер операторларымен ынтымақтастық шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті «Транстелеком» АҚ-мен бірлесіп, бақылау-касса машиналарында «push-салық хабарламалары» жаңа сервисін іске қосты. Бірлескен жобаның басты идеясы – бақылау-касса машиналарын пайдаланушыларына салық міндеттемелерін уақытылы орындау туралы, оның ішінде салық органына салық есептілігін толтырып, ұсыну бойынша тез және қол жетімді түрде еске салу. Бастапқыда push-салық хабарламалары бақылау-касса машиналарын пайдаланушыларына мерзімдері басталғанға дейін және салық есептілігін ұсыну кезеңінде жіберілетін болады. Сервис салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігі туралы салық төлеушілерді хабардар етіп отырады, яғни еске салады. Нәтижесінде, салық төлеуші міндеттемелерін уақытылы орындап, салық органдары шоттарды бұғаттау мен айыппұл салу сияқты шараларды қолданбауына септігін тигізеді деп күтілуде. «Бүгіннен бастап салық төлеушілер бақылау-касса машиналары арқылы айлық, 2-тоқсан мен 1-жартыжылдық үшін салық есептілігін, оның ішінде 910.00-нысаны бойынша декларациясын, 2022 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей ұсыну қажеттілігі туралы еске салатын push-салық хабарламаларын ала бастайды», - деп хабарлады МКК-де.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |