|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 80-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім): 1) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 49-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 389-баптың 1-1-тармағындағы «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): 1) 741-баптың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»,» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде,» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 806-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «түрлері» деген сөз «міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды қоспағанда, түрлері» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 830-баптың 5-тармағының 4-2) тармақшасы алып тасталсын; 4) 842-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» және «Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 940-баптың 3-тармағындағы «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 944-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріндегі «зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер тиісінше «әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 1040-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 1) 25-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 53-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында: екінші абзацтағы «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын; он жетінші абзацтағы «орта», «ұйымдарында» деген сөздер тиісінше «жалпы орта», «ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 1-баптың 1-тармағында: 17-3) тармақшадағы «орта», «ұйымдарында» деген сөздер тиісінше «жалпы орта», «ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 30-1) тармақшадағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер тиісінше «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 61-баптың 2-тармағындағы «Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған» деген сөздер «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 169-баптың 5-тармағындағы «Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне: 1) 10-баптың бірінші бөлігінің 10) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 114-бапта: екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 1) 34-баптағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 48-баптың 6-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 138-баптың 44) тармақшасындағы «халықты жұмыспен қамту туралы» деген сөздер «халықты жұмыспен қамту саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 273-баптың 4-тармағындағы «халықты жұмыспен қамту туралы» деген сөздер «халықтың көші-қоны туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 289-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «халықты жұмыспен қамту туралы» деген сөздер «халықтың көші-қоны туралы» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне: 1) 1-бапта: 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған жағдайларда не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде жұмысты уақытша тоқтата тұру;»; мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын: «56-1) бірлесіп жұмысқа орналастыру - бір еңбек функциясын (белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс) бір жұмыс берушімен бірлесіп орындау мақсатында бірнеше жұмыскердің жұмыс уақыты ішінде жұмыскерлер жұмыс берушінің және еңбек шартының актілеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындаған кездегі еңбек қатынастары;»; 62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «62) өндірістік қажеттілік - дүлей апатты; төтенше жағдайлардың, төтенше немесе соғыс жағдайының салдарын, табиғи немесе техногендік сипаттағы апатты болғызбау немесе жою; өндірістік аварияны немесе олардың зардаптарын дереу жою мақсатында; өндірістегі жазатайым оқиғаларды болғызбау үшін; бос тұрып қалуды болғызбау үшін; мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін; жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да айрықша жағдайларда, сондай-ақ уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін жұмыстарды орындау;»; 2) 15-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын; 3) 23-баптың 2-тармағының 27) тармақшасы «28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ 99-бабында көзделген демалыстарды беру туралы мәліметтер» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 30-баптың 5-тармағындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 52-баптың 1-тармағының 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «24) тараптардың өзара келісуі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;»; 6) 53-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармағында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 67-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Толық емес жұмыс күні (ауысымда) және (немесе) толық емес жұмыс аптасында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін не бірлесіп жұмысқа орналастыруды қолданған кезде тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақытының теңгерімі бойынша жұмыс сағаттарының қалыпты саны тиісінше азаяды.»; 8) 68-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне күтімді жүзеге асыратын жұмыскерлерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуіне (бала асырап алушыға), он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналарға, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдарға, оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін білім алушыларға, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуге кемінде екі жыл қалған не көрсетілген зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыскерлерге тараптардың келісуі бойынша бірлесіп жұмысқа орналастыруды қолдануға жол беріледі. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскер үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығына, еңбек өтілін есептеуге және осы Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген еңбек саласындағы басқа да құқықтарға шек қоюға алып келмейді.»; 9) 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі.»; 10) 73-бапта: 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Ауысымдық кестемен танысу мерзімі жұмыскерді жұмысқа қабылдаған немесе ауысымдық жұмыс кезінде жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстырған жағдайда қысқартылуы мүмкін.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы Кодекстің 86-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерді қатарынан екі жұмыс ауысымы бойы жұмысқа тартуға тыйым салынады.»; 11) мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын: «73-1-бап. Жылжымалы жұмыс кестесі 1. Жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің қағидаларында жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдана отырып, жұмыс кестесінің күн сайынғы ұзақтығының 11 сағаттан аспайтын шектеулерін сақтай отырып, жұмыс кестесінің ұзақтығы әртүрлі аптаның әртүрлі күндеріндегі жұмыстың жылжымалы кестесін белгілеуге құқылы. 2. Оның шегінде жұмыскерлердің осы санаты үшін белгіленген, бірақ тоқсаннан аспайтын жұмыс уақытының орташа ұзақтығының күнделікті және (немесе) апта сайынғы нормасы сақталуға тиіс кезең жылжымалы жұмыс кестесі кезіндегі есептік кезең деп танылады. 3. Жылжымалы жұмыс кестесі бар режимде жұмыс істеген кезде жұмыс күнінің (ауысымның) басталуы, аяқталуы немесе жалпы ұзақтығы еңбек тәртіптемесінің қағидаларында, еңбек шартында не ауысымдық кестесінде айқындалады.»; 12) 75-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Толық емес жұмыс күні (ауысым) және (немесе) толық емес жұмыс аптасында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін не бірлесіп жұмысқа орналастыруды қолданған кезде есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты саны тиісінше азаяды.»; мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: «9. Еңбек шарты есептік кезең аяқталғанға дейін тоқтатылған кезде жұмыскердің есептік кезең басталғаннан бастап еңбек шарты тоқтатылған күнге дейін жұмыс істеген уақыты үшін сондай талаптармен үстеме сағаттарға ақы алуға құқығы бар.»; 13) 77-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) елдің қорғанысы, төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу, төтенше жағдайды жариялау үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезінде;»; 14) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жұмыс уақытын жиынтық есепке алуды белгілеу кезінде төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.»; 15) 84-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасы кезіндегі екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Жылжымалы жұмыс кестесі бар жұмыскерлерге (жұмыскерлер тобына) еңбек шартының ережелеріне немесе ауысымдық кестелерге сәйкес аптаның әртүрлі күндерінде жылжымалы кесте бойынша демалыс күндерін бере отырып, жұмыс аптасы белгіленеді.»; 16) 99-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына», «жағдайда» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне», «жағдай бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 103-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.»; 18) 106-баптың 1-тармағы «жүктемесі толық болмаған кезде» деген сөздерден кейін «бірлесіп жұмысқа орналастыруды қолдану» деген сөздермен толықтырылсын; 19) 112-бап мынадай редакцияда жазылсын: «112-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу 1. Бос тұрып қалу уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттармен айқындалады, егер бос тұрып қалуды ресімдеу тәртібі еңбек, ұжымдық шарттарда көзделмесе, онда бос тұрып қалудың басталуы бос тұрып қалу себептері көрсетіле отырып, жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалуға ақы төлеу жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде, ал жұмыс берушінің кінәсінан болғанда - жұмыскердің орташа жалақысының кемінде елу пайызы мөлшерінде белгіленеді. Жұмыскердің кінәсінан жол берілген бос тұрып қалу уақытына ақы төленбеуге тиіс. 2. Бос тұрып қалу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыскерді жұмысқа шыққан күні туралы алдын ала хабардар етеді, жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға кірісуге міндетті. Жұмыскер хабарламада белгіленген мерзімде жұмыс орнында болмаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерді тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.»; 20) 133-бапта: мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін ардагерлерін, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерді және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін қоспағанда, жұмыскерлердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері оның орташа күндік жалақысын еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту арқылы айқындалады. Жұмыскердің орташа күндік жалақысының мөлшері осы Кодекстің 114-бабының 3-тармағына сәйкес есептелген оның орташа жалақысы есебінен айқындалады. Егер еңбекке уақытша қабілетсіздік алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталса, онда еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері және оның мөлшерін айлық шектеу алдыңғы және ағымдағы жылдардағы айлық есептік көрсеткішті қолдана отырып айқындалады және алынған сомалар бөлек жинақталады. Жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты жұмыскерлерге, Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ шетелде болу кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақы мөлшерін қоспағанда, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша бір айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері жалақының жүз пайызын құрайды. Жұмыскердің жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты төленетін еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды. Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде болу кезеңінде шетелдік валютада төленетін еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. Жұмыс берушілер жұмыскерлерге осы баптың 4-1-тармағында белгіленген еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.»; 21) 135-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған кезеңде, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезінде, сондай-ақ жұмыскерлердің өмірі немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да ерекше жағдайларда жұмыс беруші жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс берушінің актісімен жоғарыда көрсетілген жағдайлар жойылғанға дейін вахтаның ұзақтығын ұлғайтуға құқылы.»; 22) 12-тарау мынадай мазмұндағы 146-1-баппен толықтырылсын: «146-1-бап. Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасын қолдана отырып жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жалдайтын жұмыскерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері 1. Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасын қолдана отырып жүзеге асыратын дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбегі осы бапта, еңбек шартында және жұмыс берушінің актісінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекске сәйкес реттеледі. 2. Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасын қолдана отырып жүзеге асыратын жұмыскер мен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасындағы еңбек шарты осы Кодекстің 30-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасалады. 3. Еңбек қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасын қолдана отырып жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушінің актілеріне, ұжымдық немесе еңбек шартына сәйкес күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгіленуі мүмкін. 4. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасын қолдана отырып еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі мен шарттары, жұмыс уақытын есепке алу ұзақтығы және тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушінің актілеріне, ұжымдық немесе еңбек шартына сәйкес белгіленеді.»; 23) 157-бапта: 1-тармақтың 9) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінде белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 11) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына», «жағдайда» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне», «жағдай бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 24) 193-баптың 13) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында және» деген сөздер алып тасталсын. 8. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 129-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде: «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын; «міндетті әлеуметтік сақтандыру,» деген сөздер алып тасталсын. 9. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 28-баптың 1-тармағында: бірінші және екінші бөліктердегі «халықты жұмыспен қамту және» деген сөздер алып тасталсын; үшінші бөліктегі «жұмыспен қамту» деген сөз «халықтың көші-қоны» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 131-баптың 1-тармағының төртінші және бесінші бөліктеріндегі, 179-баптың 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріндегі, 213-бапттың 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріндегі «халықты жұмыспен қамту және» деген сөздер алып тасталсын. 10. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 78-баптың 8-тармағындағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына: 23-баптың 6-тармағындағы «зейнетақы» деген сөз «мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы» деген сөздермен ауыстырылсын. 12. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына: 11-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттік органдар жолаушыларды тасымалдау жөніндегі маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізген кезде, мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуіне ыңғайластырылған көлік құралдары бар адамдар артықшылыққа ие болады.». 13. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 8-бап мынадай редакцияда жазылсын: «8-бап. Әлеуметтік қамсыздандыру Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктердің әлеуметтік, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады және міндеттер алады.». 14. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 36-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын. 15. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 4-баптың төртінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын. 16. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 2-бапта: 16) тармақшадағы «орта», «ұйымдарында» деген сөздер тиісінше «жалпы орта», «ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) тармақшадағы «халықты жұмыспен қамту» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |