«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 266 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 592 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде): «Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген тарауда: «Тізім бойынша жалпы ескертпелер» деген кіші бөлімде: 4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде) жоқ ССҚ ТН кодтарын пайдалануға жол беріледі.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қосарлы мақсаттағы өнімдер тізімінің құрылымы 10-санаттан тұрады, ол мына санаттар мен бөлімдерді қамтиды: Тізімде қолданылған терминдердің анықтамасы: 0-санат - Ядролық материалдар, қондырғылар мен жабдықтар; 1-санат - Материалдар, химикаттар, микроорганизмдер мен уыттар; 2-санат - Материалдарды өңдеу; 3-санат - Электроника; 4-санат - Есептеу техникасы; 5-санат - Телекоммуникациялар және «Ақпаратты қорғау»; 1-бөлім. Телекоммуникациялар; 2-бөлім. «Ақпаратты қорғау»; 6-санат - Датчиктер мен лазерлер; 7-санат - Навигациялық жабдықтар мен авиациялық электроника; 8-санат - Теңіз ісі; 9-санат - Двигательдік қондырғылар, ғарыш аппараттары мен ілеспе жабдықтар. 10-санат - 0-9 санаттарда қамтылмаған, ұлттық қауіпсіздік шеңберінде бақыланатын өнім. Әрбір санат қосарлы мақсаттағы өнімдердің 5 техникалық тобын қамтиды: А - Аппаратура, тораптар мен компоненттер; В - Өндірістік және сынақ жабдықтары; С - Материалдар; D - Бағдарламалық қамтылым; Е - Технологиялар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|