2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31 және 33-баптарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының дауыс беру нәтижелері туралы ұсынған хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Республикалық референдумның дауыс беру қорытындылары бекітілсін: 1) референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны - 11 734 642; 2) дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны - 7 985 769 немесе 68,05 процент; 3) референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 6 163 516 немесе дауыс беруге қатысқандардың 77,18 проценті; 4) референдумға қойылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 1 490 470; 5) жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны - 205 924; 6) 17 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада дауыс беруге қатысқан азаматтар мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|