|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
04.05.2022 Ставки ввозных таможенных пошлин на автомобили не увеличились
В социальных сетях распространяется информация о том, что якобы увеличились ставки таможенных пошлин при «растаможке» автомобилей, ввезенных на территорию Республики Казахстан. Комитет государственных доходов Минфина РК официально опровергает эту информацию. Необходимо учесть, что ставки таможенных пошлин устанавливаются Евразийской экономической комиссией (Решение Совета ЕЭК от 14 сентября 2021 года № 80) и данные ставки являются обязательными для Республики Казахстан. Ставки пошлин на легковые автомобили в 2022 году остались неизменными. Напротив, Решением Совета Евразийского экономического союза от 17 марта 2022 года № 39 предоставлена льгота по освобождению от 15% ставки пошлины на электромобили в случае предоставления соответствующих документов, определяемых Министерством индустрии и инфраструктурного развития РК. Решением от 5 апреля 2022 года № 46 на отдельные категории «чувствительных» товаров, таких как сырье и материалы для производства готовой продукции (фармация, пищевая промышленность) также введена 0 % ставка ввозной таможенной пошлины. Вместе с тем, таможенная стоимость товаров определяется в соответствии с главой 5 Таможенного кодекса ЕАЭС (шесть методов определения таможенной стоимости товаров) и Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 27 марта 2018 года № 42 «Об особенностях проведения таможенного контроля таможенной стоимости товаров, ввозимых на таможенную территорию Евразийского экономического союза». При покупке автомобилей гражданам рекомендуется проводить таможенную очистку путем обращения в территориальные органы государственных доходов. В случае наличия фактов неправомерных действий и других оснований для обжалования можно обращаться на короткий номер 14-14 или 8-7172-71-81-71. Также следует учесть, что утилизационый сбор и таможенная пошлина различны по своей природе и не могут заменять друг друга. К сведению, меры тарифной политики (разработка ставок таможенных пошлин) в Республике Казахстан относятся к компетенции Министерства торговли и интеграции РК, утверждение ставок утильсбора относится к компетенции Министерства индустрии и инфраструктурного развития РК.
Автокөліктерге кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесі көтерілген жоқ
Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген автокөліктерді кедендік тазартудан өткізу үшін кедендік баж ставкасының ұлғайтылғаны туралы ақпарат таратылуды. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады. Кеден бажының ставкалары Еуразиялық экономикалық комиссиямен белгіленеді (ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімі) және бұл ставкалар Қазақстан Республикасы үшін міндетті болып табылады. Жеңіл автокөліктерге арналған баждың ставкалары 2022 жылы өзгеріссіз қалды. Керісінше, Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімімен тиісті құжаттар ұсынылған жағдайда электромобильдерді баж мөлшерлемесінің 15%-ынан босату түріндегі жеңілдік берілді. Ұсынылатын құжат түрі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен белгіленеді. 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 46 шешімімен дайын өнімді өндіруге арналған шикізат және материалдар (фармация, тамақ өнеркәсібі) сияқты «сезімтал» тауарлардың жекелеген санаттарына кедендік әкелу бажының 0% мөлшерлемесі енгізілді. Сонымен қатар, тауарлардың кедендік құны ЕАЭО Кеден кодексінің 5-тарауына (тауарлардың кедендік құнын айқындаудың алты әдісі) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы» шешіміне сәйкес айқындалады. Автокөліктерді сатып алу кезінде азаматтарға аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттеріне барып, кедендік тазартудан өткізуге кеңес беріледі. Заңсыз іс-әрекеттер фактілері және шағымдану үшін басқа да негіздер болған жағдайда, 14-14 қысқа нөміріне немесе 8-7172-71-81-71 нөміріне хабарлауға болады. Сонымен қатар, утилизациялық алым мен кедендік баж бір-біріне ұқсамайтын екі бөлек алым және бір-бірін алмастыра алмайтынын ескеру қажет. Қазақстан Республикасындағы тарифтік саясат шаралары (кеден бажының мөлшерлемелерін әзірлеу) ҚР Сауда және интеграция министрлігінің құзыретіне, ал утилизациялық алымның мөлшерлемелерін бекіту ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретіне жататынын ақпарат ретінде жеткіземіз.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |