|
|
|
Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2016.26.02. № 183 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» (2018.26.01. берілген өзгерістермен)
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді. 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау: 1) «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы; 2) дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжаттардың түр өзгерісіне байланысты жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру кезінде - «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және (немесе) жеке куәлігін беру болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |