Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникация орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2015.31.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникация орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі мекемеге қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мекеменің жарғысын бекітуді; 2) мекеменің Қазақстан Республикасының әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2012.19.12. № 1625 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне 2012 жылы мекеменің қызметін қамтамасыз ету үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 22009700 (жиырма екі миллион тоғыз мың жеті жүз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|