Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 260 бұйрығымен бекітілген
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығымен күші жойылды
«Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (2019.12.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.12.12. № ҚР ДСМ-148 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.12.12. № ҚР ДСМ-148 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) радиациялық қауіпті объектілерде (бұдан әрі - объектілер) жер телімін таңдауға, жобалауға, сумен жабдықтауға, су бұруға, жарықтандыруға, желдетуге, күтіп-ұстауға және пайдалануға, жұмыс жағдайларына, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, радиоактивті қалдықтарды жинауға, пайдалануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге, радиациялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргізуге, таратуға, консервациялауға және бейінін өзгертуге қойылатын талаптарды қамтиды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.12.12. № ҚР ДСМ-148 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды: 1) аралас қорғанышы бар қондырғы - иондаушы сәуледен қорғау қатты, сол сияқты сұйық материалдармен қамтамасыз етілетін құрылғы; 2) аппликатор - тікелей терінің немесе шырышты қабықтың жараланған жеріне салынатын (құрамында радиоактивті препараты бар не радиоактивті изотоп сіңірілген пластинкасы бар немесе герметикалық жабық метал қораб түрінде) радиотерапевтикалық құрал; 3) бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарға рұқсат ету және тұруы бойынша арнайы қағидалар қолданылатын аумақ; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|