Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 461 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы МЕМОРАНДУМ (Астана қ., 2022 жылғы 12 қазанда)
2023 жылғы 9 шілдеде күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қатар Мемлекетінің Үкіметі екіжақты қарым-қатынасты дамытуды және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды қолдай отырып, бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігі үшін қоғамдық денсаулық сақтау мен денсаулық сақтау қызметтерін жақсартудың маңыздылығын мойындай отырып, қоғамдық денсаулық сақтау мен медициналық қызметтерді жақсарту Тараптар арасындағы тығыз ынтымақтастыққа ықпал етеді деп пайымдай отырып, медициналық қызметтерге, емдеу тәсілдеріне және мүдделілік тудыратын басқа да бағыттарға қолдау көрсете отырып, денсаулық сақтау және медициналық зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап Ынтымақтастықтың мақсаттары мен салалары Осы Меморандумның мақсаты Тараптар арасында мына салалардағы ынтымақтастықты көтермелеу болып табылады: 1) денсаулық сақтау жүйесі, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті енгізу саласындағы зерттеулер; 2) екі елдегі денсаулық сақтау бағдарламалары туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ ғылыми және медициналық жарияланымдармен және журналдармен алмасу; 3) статистикалық әдістерді қоса алғанда, денсаулық сақтау мен эпидемиологияның ақпараттық жүйелері саласында тәжірибе алмасу; 4) медицина саласындағы заңнамамен алмасу; 5) ғалымдардың, сарапшылардың, дәрігерлердің, мейіргерлердің, көмекші персоналдың, аурухана басшыларының және басқа да медицина қызметкерлерінің сапар алмасуы.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|