Осы редакция 2020 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат (2018.14.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжат (бұдан әрі - Нормативтік құжат) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде құрылыстың сметалық құнын айқындауға арналған. Басқа да қаржыландыру көздерінің есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша Нормативтік құжаттың ережелері ұсынымдық сипатқа ие және анықтамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін. 2. Нормативтік құжат құрылыстың құнын айқындау үшін нормативтік негіз болып табылады және құрылыстағы баға белгілеу мен объектілердің құрылысына арналған сметаларды (сметалық есептерді) жасау бойынша негізгі қағидаттардан және әдістемелік ережелерден тұрады. 3. Осы Нормативтік құжаттың нормативтік-әдістемелік ережелері ағымдағы бағалардағы құрылыстың құнын айқындау бойынша қолданыстағы сметалық-нормативтік базаның негізінде жасалды. 4. Осы Нормативтік құжатта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ағымдағы бағалар - нақты кезеңге (тоқсанға, жарты жылға, жылға) арналған құрылыс ресурстарының бағалары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|