|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №14, 70-құжат; №24, 145-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №11, 102-құжат; №19, 145-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №13, 91-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 13-құжат; №7, 36-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-І, №19-ІІ, 94, 96-құжаттар; №21, 122, 123-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 52-құжат; №15, 78-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №22-ІІ, 144, 145-құжаттар, №22-V, 156-құжат; №23-I, 169-құжат): 1) 4-баптың 1-тармағының 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «38) пошта операторы - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасына және (немесе) Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта қызметі саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;». 2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-I, №18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №19-I, 101-құжат; №19-II, 102, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-1, 124, 125-құжаттар; №21-II, 130-құжат; №21-ІІІ, 137-құжат; №22-І, 140, 141, 143-құжаттар; №22-ІI, 144, 145, 148-құжаттар; №22-ІІІ, 149-құжат; №22-V, 152, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-I, 166, 169-құжаттар; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №2, 9-құжат): 1) 152-бап мынадай редакцияда жазылсын: «152-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын бұзу Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жөнелту үшiн қабылдау қағидаларын темiржол, автомобиль, өзен, теңiз, әуе көлiгiнің және пошта операторының жұмыскерлері жасаған бұзушылық - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 2) 637-бап 1-тармақтың бірінші бөлігінің 12) тармақшасындағы «таратуы түрінде жасалған бұзушылық - » деген сөздер «таратуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын: 13) пошта операторларының пайдаланушыларға қызмет көрсету және операциялық күндi өткiзу тәртiбiн ұйымдастыру жөніндегі белгіленген талаптарды сақтамауы; 14) пошта операторларының пошта жөнелтiлімдерiнің жоғалуына алып келген қабылдау және табыс ету, сондай-ақ оларды ресімдеу тәртібі жөніндегі белгіленген талаптарды бұзуы; 15) пошта операторларының пошта жөнелтiлімдерiндегі тыйым салынған нәрселер мен заттарды анықтауға мүмкіндік беретін техникалық құралдар мен жабдықтарды пошта желілерінде орнату жөніндегі талаптарды бұзуы - ». 3. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; №20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 124-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «124-4-бап. Субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу»; 2) 116-бап 3-тармақтың 12) тармақшасындағы «тарифтерін бекітуге бағалар мен тарифтерді реттейді.» деген сөздер «тарифтерін бекітуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттейді.»; 3) мынадай мазмұндағы 124-4-баппен толықтырылсын: «124-4-бап. Субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу Мемлекет Қазақстан Республикасының пошта, байланыс, автомобиль көлігі және теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес пошта, байланыс және тасымалдау саласындағы субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттейді.». 4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №5, 58-құжат; №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №9, 86-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №5, 31-құжат; №10, 51-құжат; №11, 56, 67-құжаттар; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №15, 86-құжат; №16, 91-құжат; №23, 140-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18, 21-құжаттар; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, №19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-II, 130-құжат; №21-ІІІ, 137-құжат; №22-I, 140, 143-құжат; №22-ІІІ, 149-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат): 1) 30-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы баптың 2-тармағының 1), 3), 5), 9) және 12) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Ұлттық пошта операторы уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.»; 2) 31-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның (бұдан әрі - банкке қызмет көрсететін тұлға) құқыққа сыйымсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен жасалған тиісті шартының (келісімінің) талаптары бойынша жауапкершілікте болады. Банк пен банкке қызметтер көрсететін тұлға арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауапкершілігі міндетті түрде қамтылуға тиіс. Банк және банкке қызметтер көрсететін тұлға арасында жасалған шарт (келісім) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлға қызметінің тәртібі уәкілетті орган бекітетін банкке клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларында белгіленеді.». 5. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №8, 84-құжат; 1999 ж., №13, 431-құжат; №23, 921-құжат; 2001 ж., №15-16, 228-құжат; 2002 ж., №6, 71-құжат; 2003 ж., №11, 67-құжат; 2004 ж., 14, 82-құжат; №17, 101-құжат; №23, 142-құжат; 2006 ж., №16, 103-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №15, 106, 108-құжаттар; №18, 143-құжат; 2009 ж., №11-12, 54-құжат; №18, 84-құжат; №24, 122-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №10, 52-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №10, 86-құжат; №11, 102-құжат; №16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., №1, 5-құжат; №3, 21-құжат; №4, 32-құжат; №5, 41-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; №24, 144-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №20-V, 154, 158-құжаттар; №23-ІІ, 170-құжат): 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кондоминиум объектілерін басқару органдары арқылы абоненттiк пошта жәшiктерiн орналастыруды және оларды тиісті жай-күйде күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді.». 6. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №2-3, 34-құжат; №23, 931-құжат; 2002 ж., №4, 30-құжат; 2003 ж., №15, 121-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; 2009 ж., №18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 1-құжат; №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №6, 49-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №19-I, №19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 123-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №13, 65-құжат; №20-IV, 113-құжат): 1) 12-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) ішкі сауда объектілері, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, айлақтары, пошта операторларының өндірістік объектілері;»; 2) 13-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар әкетiлетiн, карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн жүктi тиеп-жөнелтудiң бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темiржол станцияларында, пошта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектiлерде қайтадан белгiлейдi. Қайта тиеусiз әкету кезiнде шекаралық пунктте (бекетте) тиеп-жөнелту орнында берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн ғана қадағалау жүзеге асырылады.». 7. «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., №14, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 25-құжат; 2007 ж., №8, 52-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; 2009 ж., №17, 81-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 1-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 12-құжат; 2011 ж., №2, 25-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №22-VI, 159-құжат): 10-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «10. Міндетті техникалық қарап-тексеру өткізілетін жерлерде және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу аталған жерлерде қаржылық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын, сақтандыру компанияларының агенттік көрсетілетін қызметтерін ұсынатын ұйыммен ғана жүзеге асырылады.». 8. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №15, 134-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 19-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №16, 129-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №1-2, 1-құжат; №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №8, 44-құжат; №10, 52-құжат; №14, 87-құжат; №19-I, №19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат;; №19-І, 100-құжат; №20-IV, 113-құжат; №23-II, 170-құжат): 1) 1-бапта: 4), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) автомобиль көлiгi - қызмет аясы автокөлiк құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;»; «7) автомобильмен тасымалдау - автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер және пошта жөнелтілімдері тасымалы; 8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде автокөлік құралдарына иелiк ететін, жолаушыларды, багажды, жүктердi және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша ақылы немесе жалдамалы қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;»; 2) 8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) пошта жөнелтілімдерін тасымалдау болып бөлiнедi.»; 3) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-тарау. Жүктерді және пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау»; 4) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын: «39-бап. Пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау 1. Тасымалдаушылар пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдауды пошта операторларымен жасалған пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шарты негiзiнде жүзеге асырады. 2. Пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшiн арнайы жасалған автокөлiк құралы пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шартына сәйкес қатаң тiкелей мақсатында пайдаланылуға тиiс. Мұндай автокөлiк құралында пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдауға қатысы жоқ бөгде адамдарды тасымалдауға тыйым салынады. 3. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерiн ұсынатын пошта операторы көлiгiнiң автомобиль, темiржол, су станциялары мен вокзалдарының, әуежайлардың аумақтарында орналасқан жүк және багаж кешендерiне пошта жөнелтiлімдерiн алмасу үшiн өтуi бiрiншi кезекте және ақысыз жүзеге асырылады. 4. Егер пошта жөнелтілімдерін автомобильмен тасымалдау шартында өзгеше белгiленбесе, пошта жөнелтілімдерін тиеудi және түсiрудi, сондай-ақ оған iлесiп жүрудi және оның жүру жолында сақталуын пошта операторлары қамтамасыз етедi. Егер шарт талаптарынан өзгеше жағдай туындамаса, автомобильмен тасымалдау кезiнде пошта жөнелтілімдерінің сақталуы мен тұтастығы үшiн пошта операторы жауаптылықта болады.». 9. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №14, 81-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №19, 148-құжат; 2008 ж., №20, 89-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №15-16, 74-құжат; №18, 84-құжат; №24, 121-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №3, 25-құжат; №8, 63, 64-құжаттар; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №12, 57-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №14, 87-құжат; №19-I, №19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат;№22-І, 141-құжат; №22-V, 156-құжат): 1) 2-бапта: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) арнаулы пошта байланысы - Ұлттық пошта операторының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын және заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар бар пошта жөнелтілімдерін, арнаулы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, өңдеуді, күзетуді, тасымалдауды және жеткізуді (табыс етуді) қамтамасыз ететін курьерлік пошта байланысының түрі;»; 6) тармақшадағы «арнаулы байланыс» деген сөздер «арнаулы пошта байланысы» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «8) әмбебап қызмет көрсету операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы; 9) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері - телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;»; 2) 5-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету үшін жағдайлар жасау;»; 3) 7-бапта: 12) тармақшадағы «поштамен» деген сөз «пошта байланысы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын. 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) Субсидияларлар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту;»; 4) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Уәкілетті орган: 1) байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды; 2) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттейді. Осы тармақта аталған көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»; 5) 21-баптың 4-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын; 6) 22-2-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «Арнаулы байланыс», «арнаулы байланыс» деген сөздер тиісінше «Арнаулы пошта байланысы», «арнаулы пошта байланысы» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 24-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасымен реттеледі.»; 8) 29-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын; 9) 30-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 1. Фельдъегерлiк және арнаулы пошта байланысы қызметтерiне, сондай-ақ пошта операторларына шарт талаптарымен теміржол, теңiз, iшкi су, әуе және автомобиль көлiгiнiң барлық бағдарлары мен желілері бойынша пошта операторының жұмыскерлері, фельдъегерлiк және арнаулы пошта байланысы қызметкерлерiнiң ілесіп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерін және арнаулы жөнелтiлімдердi тасымалдауға, сондай-ақ пошта жөнелтiлімдерiн және арнаулы жөнелтiлімдердi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тасымалдау үшiн тапсыруға құқық берiледi.»; 2-тармақтың 2) және 3) тармақшаларындағы және 3-тармақтағы «арнаулы байланыс» деген сөздер «арнаулы пошта байланысы» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 31-баптың 2-тармағындағы «пошта тасымалдау» деген сөздер «пошта жөнелтілімдерін тасымалдау» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «7-тарау. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері»; 12) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын: «32-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері 1. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері - телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген байланыстың көрсетілетін қызметтерi, оларды уәкiлеттi орган белгiлеген қызмет көрсету сапасының көрсеткіштерімен халыққа ұсыну мiндеттi болып табылады. 2. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынудың негiзгi өлшемшарттарына мыналар жатады: 1) байланыстың көрсетілетін қызметтерiн пайдаланушылар үшiн бағаның қолжетiмдiлiгi; 2) тұрған жерi бойынша қолжетiмдiлiк, ол елдi мекен санаты мен тұрғындар саны ескеріле отырып, айқындалады; 3) уақыт бойынша қолжетімділік, ол белгiленген уақыт кезеңi iшiнде жеке телефондар орнатуға немесе қол жеткізу желілерінің белгілі бір санын енгізуге (қоғамдық телефондар орнатуға) өтiнiмдердi қанағаттандыру ескеріле отырып, айқындалады. 3. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы үшін республикалық бюджетке қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берiлуi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртiппен төлемақы енгiзiледi. 4. Телекоммуникацияның әмбебап көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қайта теңгерімдеу жоспарын уәкілетті орган бекітеді.»; 13) 33 және 34-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «33-бап. Әмбебап қызмет көрсету операторы 1. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері тізбесінен байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетуді әмбебап қызмет көрсету операторлары жүзеге асырады. Әмбебап қызмет көрсету операторы әмбебап көрсетілетін қызметтер тізбесінен бір немесе бірнеше әмбебап қызмет көрсетеді. 2. Әмбебап қызмет көрсету операторларының саны барлық ықтимал пайдаланушыларды байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттілігi негiзге алына отырып, айқындалады. 3. Байланыстың әмбебап қызметтерiн көрсету құқығы байланыс операторларының арасында өткiзiлген конкурс нәтижелерi бойынша берiледi. 4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер болмаған немесе жеңiмпазды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесінен жекелеген әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді уәкiлеттi орган осы аумақта көрсетілетін қызметтердің осы түрлері бойынша нарықта анағұрлым көп үлеске ие болатын байланыс операторына жүктейдi. Бұл ретте байланыс операторы өзіне жүктелген байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттен бас тартуға құқылы емес.»; 34-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін субсидиялау 1. Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін байланыстың әмбебап қызметтері субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге жатады. Ауылдық елді мекендерде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының залалдары, егер бұл конкурс шарттарында немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі міндеттерді жүктеу шарттарында айқындалған болса, субсидиялануға жатады. Қалаларда байланыстың әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының залалдары субсидиялануға жатпайды. 2. Субсидиялар мөлшері конкурс шарттары немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі міндеттерді жүктеу шарттары бойынша айқындалады, тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген субсидиялар мөлшерінен аспауға тиіс және шығыстар мен байланыстың залалды әмбебап қызметтерін көрсетуден түскен нақты кірістердің айырмасы ретінде айқындалады. 3. Субсидияларлар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.». 10. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №15, 88-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №23, 141-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №10, 52-құжат;; №19-І, 100-құжат; №20-IV, 113-құжат; №23-II, 170-құжат): 55-бап мынадай редакцияда жазылсын: «55-бап. Пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау 1. Пошта операторларына тұрақты рейстер жасайтын кемелерде белгiленген ақыға өз жұмыскерлерiнiң iлесiп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау құқығы берiледi. Пошта операторлары жұмыскерлерiнiң iлесiп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдайтын кемелерде пошта қызметiн жүзеге асыру, пошта жөнелтiлімдерiн сақтау және пошта операторлары жұмыскерлерiнiң демалуы үшiн белгiленген тәртiппен ақылы негiзде орынжайлар ұсынылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |