|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 1) 14-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «индустриялық-инновациялық қызмет», «индустриялық-инновациялық жобалары» деген сөздер тиісінше «өнеркәсіптік-инновациялық қызмет», «өнеркәсіптік-инновациялық жобалары» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «19) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне;». 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 1) 54-баптың 1-тармағының 11) тармақшасында: мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;»; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;»; 2) 55-баптың 1-тармағының 11) тармақшасында: мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;»; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау;»; 3) 105-1-баптың 3-тармағындағы «индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздер «инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 1) 92-баптың 1-тармағында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) инновациялық қызмет;»; 2) 97-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, бизнес-инкубаторлар және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтері жатады.»; 3) 98-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласында: 1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындайды; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құрады және ол туралы ережені және оның құрамын бекітеді; 5) ұлттық экономиканың, оның ішінде оның өнеркәсіптік-инновациялық құрамдас бөлігінің тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді, олардың күшін жоюды, сондай-ақ оларды қолдану тәртібін көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 6) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жүзеге асырады.»; 4) 100-бап мынадай редакцияда жазылсын: «100-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асырады.»; 5) 100-1-бапта: 1-тармақтағы «Инновациялық» деген сөз «Инновациялық және технологиялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: 1) тармақшаға орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; мынадай мазмұндағы 1-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;»; «3-1) инновациялық және технологиялық даму бөлігінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келіседі;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;»; 8) тармақша алып тасталсын; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын: «9-1) бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-2) жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді; 9-3) цифрлық трансформация және Индустрия 4.0-ді енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады;»; 6) 101-баптың 2-тармағында: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;»; 3) тармақшадағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы «индустриялық-инновациялық даму мақсаттарына сәйкестігі тұрғысынан» деген сөздер алып тасталсын; 7) 102-баптың 2-тармағының 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалары алып тасталсын; 8) 103-бап мынадай редакцияда жазылсын: «103-бап. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы өз құзыреті шегінде: 1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; 2) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; 3) Технологиялық саясат жөніндегі кеңесте қарау үшін жетекшілік ететін бағыттарда технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 4) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, сондай-ақ инновацияларды дамыту жөніндегі индикаторларға қол жеткізу туралы ақпаратты береді; 5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді; 6) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын орындауды қамтамасыз етеді; 7) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 9) 105-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 10) 233-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «қызметтер көрсету болып табылады.» деген сөздер «қызметтер көрсету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау болып табылады.»; 11) мынадай мазмұндағы 23-1-тараумен толықтырылсын: «23-1-тарау. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау 241-1-бап. Инновациялық қызмет ұғымы және оның мазмұны 1. Инновациялық қызмет деп инновацияларды жасауға бағытталған қызмет (зияткерлік, шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда) түсініледі. Инновациялық қызмет инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының белгісіздігімен және салынған қаржылық және өзге де ресурстардың ықтимал ысыраптары мен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекелдің болуы мүмкіндігін білдіреді. 2. Инновациялық қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын және жаңа немесе жетілдірілген өнімді немесе процесті жасауға және (немесе) енгізуге және оны тұтынушыға дейін жеткізуге бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені инновациялық жоба болып табылады. 3. Бәсекеге қабілеттілікті және алдыңғы өнімдерге немесе процестерге қарағанда салыстырмалы артықшылықты қамтамасыз ететін, әлеуетті пайдаланушыларға қолжетімді болған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет) немесе пайдалануға берілген процесс түріндегі инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген нәтижесі инновация болып табылады. 4. Инновациялық жобаларды іске асыратын жеке, заңды тұлғалар, жай серіктестіктер инновациялық қызмет субъектілері болып табылады. 5. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, процестер мен технологиялар жаңа немесе жетілдірілген деп есептелуі мүмкін болатындай, оларда жүзеге асырылуы мүмкін жаңалықтардың барлық түрлері инновациялық қызметтің объектісі болып табылады. 241-2-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мақсаты, міндеттері мен негіздері 1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мақсаты ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа немесе едәуір жақсартылған өнімді (тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті), технологияны немесе процесті, маркетингтің жаңа әдісін немесе іскерлік практикадағы жаңа ұйымдастыру әдісін қолданысқа енгізу, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. 2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау міндеттері мыналар болып табылады: 1) таланттарды анықтау, тәрбиелеу, тарту және ұстап қалу әрі ғылыми, инженерлік және кәсіпкерлік кадрлардың кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау; 2) жоғары технологиялық салаларды дамыту, экономиканың технологиялық күрделілігін арттыру, экономика мен қоғамның инновацияларды қабылдау қабілетін арттыру есебінен ұлттық экономиканың базалық салаларын технологиялық жаңғырту және оны әртараптандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау; 3) инновациялық қызметті қолдау, инновацияларды тиімді енгізу, жоғары технологиялық өндірістерді, корпоративтік инновацияларды дамыту және технологиялар трансферті; 4) стартап-инфрақұрылымы мен венчурлік инвестициялау мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау; 5) инновацияларға деген сұранысты ынталандыру; 6) инновациялық қызмет субъектілеріне технологияларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруда, ғылымды қажетсінетін бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасауда жәрдем көрсету; 7) инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, оның ішінде инновациялық қызмет үшін жоғары білікті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем көрсету; 8) инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруда және инновациялық кластерлерді дамытуда жәрдем көрсету; 9) мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. 3. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мыналарға негізделеді: 1) осы Кодекске сәйкес инновациялық қызмет субъектілері не мемлекеттік қолдау алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету; 2) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларының жариялылығы, атаулылығы және транспаренттілігі; 3) мемлекет пен инновациялық қызмет субъектілері мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету; 4) инновациялық қызмет субъектілері инновациялық жобаларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды табысты іске асыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру; 5) мемлекет пен инновациялық қызмет субъектілерінің тұрақты өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін кешенділік пен жүйелілік; 6) ғылым, технологиялар және инновациялар саласында тиімді коммуникациялар жүйесін қалыптастыру есебінен инновациялық қызметтің өмірлік циклінің барлық сатыларын да мемлекеттік қолдау көрсету. 241-3-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері 1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілеріне инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалар жатады. 2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері: 1) технологиялық болжамдауды жүргізуде, мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыруда және инновациялық инфрақұрылымды дамытуда әдіснамалық және консультациялық қолдау көрсетеді; 2) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді; 3) инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдік қатысатын заңды тұлғаларды құру, инвестициялық және венчурлік қорларды құру немесе оларға қатысу арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады; 4) технологиялық тұғырнамаларды, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, технологиялық парктерді, бизнес-инкубаторларды, акселераторларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын, технологиялық даму орталықтары нысанындағы бірлескен кәсіпорындарды құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысады; 5) экономиканың басым секторларының технологиялық дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастық жасайды; 6) іске асырылатын инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар, технологиялық болжамдау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді; 7) бизнес-инкубациялау, стартаптарды акселерациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті, инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысады; 8) мемлекеттік органдарға инновациялық қызмет мәселелері бойынша сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар береді; 9) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру бойынша қызметтер көрсетеді; 10) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыру бойынша қызметтер көрсетеді; 11) тәуекелмен инвестициялаудың инвестициялық қорларын, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға жәрдем көрсетеді; 12) маркетингтік және өзге іс-шараларды өткізу, әлеуетті инвесторларды іздестіру бойынша инновациялық қызмет субъектілеріне акселерациялау, бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсынады; 13) инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдауға, оның ішінде инноваторлар, рационализаторлар мен өнер-тапқыштар арасында конкурстар өткізуді ұйымдастыру арқылы қатысады. 241-4-бап. Мемлекеттік технологиялық саясат 1. Мемлекеттік технологиялық саясат ұлттық экономиканың, оның секторлары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологиялық даму деңгейін арттыру мақсатында, технологиялық тұғырнамаларды, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын құруды, нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруды қоса алғанда, мемлекет және (немесе) инновациялық қызмет субъектілері жүзеге асыратын, технологиялық басымдықтарды айқындауға, инфрақұрылымды және оларды іске асыру жөніндегі құзыреттерді дамытуға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесін білдіреді. 2. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Технологиялық саясат жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) технологиялық даму басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау; 2) мемлекеттік органдар үшін елдің инновациялық және технологиялық даму мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу; 3) инновациялық жүйені және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды келісу; 4) әзірленетін мемлекеттік технологиялық саясатты салалық бағыттар бойынша қарау; 5) мемлекеттік органдардың технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және салаларда технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру бойынша бастамаларын қарау. 241-5-бап. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдары 1. Мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру үшін технологиялық тұғырнамалар құрылады. Технологиялық тұғырнама өзара байланысты және өзара толықтыратын білім беру, ғылыми және өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерінен, технологияларды генерациялау мен жетілдірудің, кадрлар даярлаудың, инновациялық жобаларды іске асырудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін қажетті ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өнеркәсіптік қызмет субъектілерінен тұратын кешен болып табылады. Технологиялық тұғырнама экономиканың салаларын технологиялық дамыту мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, ғылыми ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының коммуникация жасауына және оларды нарыққа бағдарланған үйлестіруге арналған құрал функциясын да орындайды. 2. Тиісті саланың немесе технологиялық бағыттың мемлекеттік технологиялық саясатын әзірлеу және оның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын айқындайды. Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының негізгі міндеттері жеделдетілген технологиялық даму үшін әлемдік технологиялық трендтерді мониторингтеу, ағымдағы жағдайлар мен бәсекелік артықшылықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттілігі мен мүдделілігін айқындау болып табылады. Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарына қойылатын өзге де өлшемшарттар технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарына сәйкес айқындалады. 3. Технологиялық саясатты қалыптастыру үшін технологиялық болжамдау жүргізіледі. Технологиялық болжамдау деп игерілуі мемлекеттің орнықты инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын негізгі (басым) технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені түсініледі. Технологиялық болжамдау шетелдік және отандық сарапшыларды тарту, сауалнамалар мен талдамалық зерттеулер жүргізу, алынған деректерді жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру арқылы технологиялық тұғырнамалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде тиісті салалардағы технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының қатысуымен жүргізіледі. Технологиялық болжамдау қорытындылары мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау кезінде ескеріледі. 4. Технологиялық саясатты іске асыру үшін нысаналы технологиялық бағдарламалар әзірленеді және бекітіледі. Нысаналы технологиялық бағдарлама деп негізгі (басым) технологияларды дамыту және мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілері мен ғылымның өзара іс-қимылына негізделген саланың технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені түсініледі. Нысаналы технологиялық бағдарламаларды технологиялық тұғырнамаларға қатысушылар әзірлейді. Нысаналы технологиялық бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын инновациялық жобалардың инновациялық гранттар мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын беру кезінде басым артықшылығы болады. 5. Технологиялық болжамдау және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 241-6-бап. Инновациялық белсенділікті ынталандыру және инновациялық жүйені талдау құралдары 1. Инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдау және білімді тарату, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру арқылы тарату инновациялық белсенділікті ынталандыру құралдары болып табылады. Технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесу (қолдау) мыналар арқылы жүзеге асырылады: 1) технологиялық кәсіпкерлік саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және (немесе) өткізу; 2) технологияларды іздестіру, оларды сәйкестендіру жүйесін қалыптастыру және дамыту және оларды нарыққа ілгерілетуге жәрдем көрсету; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер. 2. Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, технологиялық саясаттар мен нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау инновациялық жүйені талдау құралы болып табылады. Ұсынымдар әзірлей отырып, инновациялық жүйенің тиімділігін тәуелсіз талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын инновациялық обсерватория жүзеге асырады. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау әдістемесін инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Инновациялық гранттар беру бойынша инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының белгісіздігімен және салынған қаржылық және өзге де ресурстардың ықтимал ысыраптарымен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекел сияқты инновациялық қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады. 241-7-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары 1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалады. 2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларына мыналар жатады: 1) венчурлік қорларды қоса қаржыландыру; 2) инновациялық гранттар беру. 3. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау осы Кодекске, «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес айқындалады. 241-8-бап. Венчурлік қорлар мен жекеменшік венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыру 1. Венчурлік қорлар мен жекеменшік венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыруды инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асырады. 2. Венчурлік қаржыландыру деп инновациялық қызметті ғана жүзеге асыратын тұлғалардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру, олар шығарған қаржы құралдарын сатып алу немесе оларға ақшалай қарыздарды беру арқылы оларды қаржыландыруға байланысты қызмет түсініледі. 3. Стартап-компанияларды венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыратын және оларға өз қалауы бойынша сараптамалық қолдауды қамтамасыз ететін жеке тұлға жекеменшік венчурлік инвестор болып табылады. 241-9-бап. Инновациялық гранттар беру 1. Инновациялық грант деп инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде инновациялық қызмет субъектілеріне олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты түсініледі. Инновациялық гранттар беруді инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады. Инновациялық гранттар беруге арналған конкурс жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымымен және (немесе) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерімен бірлесе отырып, жекелеген басым бағыттар бойынша өткізілуі мүмкін. 2. Инновациялық гранттар инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық жобаларды іске асыруды қоса қаржыландыру арқылы беріледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |