|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
27.01.2022 Как исчисляется платеж за цифровой майнинг
Согласно внесенным изменениям в Налоговый кодекс с 1 января 2022 года введена плата за цифровой майнинг. Об этом сообщили в Комитете государственных доходов МФ РК. Порядок уплаты платы регулируется новым Параграфом 11 Главы 69 Налогового кодекса. Плательщиками платы являются лица, осуществляющие цифровой майнинг и плата взимается за фактический объем электрической энергии, потребленной при осуществлении деятельности. Сумма платы исчисляется исходя из фактических объемов электрической энергии, ставка платы определяется в размере 1 тенге за 1 киловатт-час электрической энергии (количество кВт/час × 1тенге). «Налоговым периодом для исчисления платы является квартал. Уплата платы за цифровой майнинг производится в Республиканский бюджет на код бюджетной классификации (КБК) 105 317. Плательщики платы уплачивают в бюджет суммы платы ежеквартально не позднее 20 числа месяца, следующего за отчетным кварталом. К примеру, за первый квартал 2022 года плату нужно оплатить не позднее 20 апреля 2022 года», - отметили в КГД МФ РК. Плательщики оплачивают плату по месту осуществления деятельности цифрового майнинга (по месту размещения оборудования для цифрового майнинга). При этом налоговая отчетность по плате за цифровой майнинг Налоговым кодексом не предусмотрена.
Цифрлық майнинг үшін төлем қалай есептеледі
Салық Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Төлемақыны төлеу тәртібі Салық кодексінің 69-тарауының 11-параграфымен реттеледі. Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады және төлем қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін алынады. Төлемақы сомасы электр энергиясының нақты көлеміне сүйене отырып есептеледі, төлемақы ставкасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде айқындалады (кВт/сағ саны*1 теңге). «Төлемақыны есептеу үшін салық кезеңі - тоқсан болып табылады. Цифрлық майнинг үшін ақы төлеу Республикалық бюджетке 105 317 Бюджеттік сыныптама кодына (БСК) жүргізіледі. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын бюджетке тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей төлейді. Мысалы, 2022 жылдың бірінші тоқсаны үшін төлемақыны 2022 жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей төлеу қажет», - деп атап өтті ҚР ҚМ МКК-де. Төлеушілер төлемді цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру орны бойынша (цифрлық майнингке арналған жабдықты орналастыру орны бойынша) төлейді. Бұл ретте цифрлық майнинг үшін төлем бойынша салық есептілігін тапсыру Салық кодексінде көзделмеген.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |