Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына 3-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (2021.21.05. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі -Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бiрыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша - ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға; 2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысаны - рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|