Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығына 6-қосымша
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 286 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс мемлекеттік қызмет стандарты (2016.23.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, табиғат қорғау мекемелері (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.еgov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін барынша шекті уақыты - 30 минут; 3) қызмет көрсетудің жол берілетін барынша шекті уақыты - 10 минут. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|